Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 11 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жануарлардың санын реттеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 186 қаулысымен бекітілген
Жануарлардың санын реттеу қағидалары
1. Осы Жануарлардың санын реттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және жануарлар санын реттеу тәртібін айқындайды.
2. Жануарлардың санын реттеу тәртібі
2. Жануарлардың санын реттеу мынадай негіздерде: 1) жануарлар дүниесінің объектілері таратушылары болып табылатын ауруларды халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтыруы немесе олармен ауруы қатері төнгенде; 2) экономикаға едәуір нұқсан келу қатері төнгенде; 3) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасында оның қалыптасқан табиғи теңгерімінің бұзылып, бұл оның жекелеген түрлері санының қысқаруына және басқа да теріс зардаптарға әкеп соққанда; 4) су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің су бетінің қатып қалуына әкелуі мүмкін бұзылу қатері төнгенде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|