«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабына сәйкес, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағын кеңейтудің технико-экономикалық негіздемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2009 жылғы 21 қазандағы № 299 бұйрығының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 болып тіркелген, «Арқа ажары» газетінде 2007 жылғы 20 наурызда және «Акмолинская правда» газетінде 2007 жылғы 10 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: «1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағының жерлерін шаруашылық аралық жерге орналастыру бойынша бекітілген жобаға сәйкес, жалпы аумағы 377 166 гектар, оның ішінде 152 182 гектар Бурабай ауданындағы, 216 222 гектар Еңбекшілдер ауданындағы, 8762 гектар Бұланды ауданындағы жер телімдері шекарасында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасында қорғалу аймағы белгіленсін.»; келесі мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 28-бабына сәйкес, Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында шаруашылық қызметті реттейтін режим белгіленсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|