|
|
|
Жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталуы туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталу мерзімі 2013 жылғы 2 қыркүйек болып белгіленсін. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12-эксперименттік сыныптарында - 34 оқу аптасы. Оқу жылы барысындағы каникулдар: 1) 1-11 (12) - сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12-эксперименттік сыныптарында: күзгі каникул - 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2013 жылғы 30 желтоқсан - 2014 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 12 күн (2014 жылғы 20-31 наурызды қоса алғанда); 2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2013 жылғы 28 желтоқсан - 2014 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 15 күн (2014 жылғы 20 наурыз - 3 сәуірді қоса алғанда); 3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн (2014 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді. 2. 2013 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбында салтанатты жиын өткізілсін. 3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |