Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 қаулысымен бекітілген
Жылу энергиясын пайдалану қағидалары
1. Осы Жылу энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады: 1) есептік кезең - тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлемге ұсынылатын жылу энергиясына шартпен айқындалатын уақыт кезеңі; 2) жылу желісінің баланстық тиесілігі - энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі жылу желісінің учаскесі; 3) жылу желісінің баланстық тиесілігінің шекарасы - жылу желісінің, оның баланстық тиесілігіне сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасындағы жылу желісінің бөлініс нүктесі (сызығы); 4) жылу тасымалдағыштың шығысы - уақыт бірлігі ішінде құбырдың көлденең қиылысы арқылы өткен жылу тасымалдағыштың массасы (көлемі); 5) жылу тұтыну жүйесі - бір немесе бірнеше жылу жүктемесі түрлерін тұтынуға арналған жылу тұтыну қондырғыларының кешені; 6) жылумен жабдықтау жүйесі - жылу көздерінің, жылу желілерінің және жылу тұтыну қондырғыларының жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|