Мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/06 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген «Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2013 жылғы 10 маусымдағы № 35/10 қаулысымен бекітілді
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) атқарушы мемлекеттік басқару органы - «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі; 2) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау); 3) аттестаттау туралы куәлік - агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік басқару функциясын орындауға өкілетті атқарушы мемлекеттік басқарушы органмен берілген, тұқым шаруашылығы саласында қызмет ететін аттестатталған субъектілерді мемлекеттің тануы туралы куәландыратын құжат; 4) тұтынушы - тұқым шаруашылығы субъектілерінің мәртебесін иеленуге үміткер жеке және заңды тұлға. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|