«Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарлатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 172 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Р.Ф.Бектубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Х.Нұрғалиеваға жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы З.Тастемірова 28 маусым 2013 ж.
2013 жылғы 28 маусымдағы № 186-2 қаулысымен бекітілген
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарлатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|