Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 3/561 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/337 Қаулысымен күші жойылды
мемлекеттiк қызметiнiң регламентi
1. «Дәрiгердi үйге шақырту» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi - Регламент) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi шеңберiнде Алматы қаласының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн ұйымдары (бұдан әрi - Қызмет берушi), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы (бұдан әрi - ЭҮП) көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет (МҚ) сондай-ақ жеке тұлға немесе оның өкiлi (бұдан әрi - Тұтынушы) Қызмет берушiге тiкелей жүгiнген кезде немесе телефон байланысы арқылы көрсетiледi, ол Қызмет берушiге тiркеу журналында тiркеледi. 2. ЭҮП жұмыс кестесi - тәулiк бойы. 3. Қызмет берушiнің жұмыс кестесі - күн сайын дүйсенбiден жұма аралығында үзiлiссiз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн, сенбi күнi сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс күндерi: жексенбi және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндерi. 4. Мемлекеттiк қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексi, «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекiту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысымен бекiтiлген «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк қызмет стандартының негiзiнде көрсетiледi(бұдан әрi - Стандарт). 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған. 6. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет тұтынушыға: 1) тiкелей жүгiнген кезде Қызмет ұсынушының ғимаратында; 2) телефон байланысы арқылы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|