«Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қазандағы «Казахстанская правда» газетінде № 279-280 (26340-26341) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: қоса берілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Агенттіктің Заң департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және оның ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаров _________________ 2012 жылғы 19 қазан «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова _________ 2012 жылғы 17 қыркүйекте «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі С. Мынбаев __________ 2012 жылғы 19 қараша «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Г. Әбдіқалықова ___________ 2012 жылғы «___» ________ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|