Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметі арасындағы
ҚР Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 қаңтардағы № 68 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi Жақтар деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметі: екi ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың зор маңызын түсiне отырып, екi мемлекеттiң қоғамдық-экономикалық өмiрiнде болып жатқан түбегейлi өзгерiстердi ескерiп, егемен теңдiк, өзара тиiмдiлiк принциптерiн және халықаралық құқықтың жалпы танылған басқа да принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып, мына төмендегiлер туралы уағдаласты:
1. Екi Жақ мына төмендегiлерге қатысты барлық мәселелер де бiр-бiрiне мейлiнше қолайлылық режимiн жасайды: импорт пен экспортқа немесе соларға байланысты салынатын кедендiк баж салығы мен кез келген алым түрлерi, оның iшiнде осындай баж салықтары мен алымдарды өндiртiп алудың әдiсi; импорт пен экспорттың ақысын төлеу және мұндай төлемдердi халықаралық аудару әдiстерi; импорт пен экспортқа қатысты ережелер мен ресми iстер, бұларға кедендiк тазартуға, транзитке, қоймаларға салуға және қайта тиеуге қатыстылары да жатады; импортталатын тауарларға тiкелей немесе жанамалап қолданылатын салықтар мен басқа да кез келген iшкi алымдар; iшкi рынокта сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге, сақтауға және пайдалануға қатысты ережелер. 2. I-пункттiң ережелерi мына төмендегiлерге қолданылмайды: Шекара бойындағы сауданы жеңiлдету үшiн әр Жақтың көршi елдердiң пайдалануына арнап жасалған немесе жасауы мүмкiн артықшылықтары; екi Жақтың әрқайсысының қазiргi бар немесе келешекте құрылуы мүмкiн кедендiк одақтарға немесе еркiн сауда аймақтарына мүшелiгiнен туындайтын артықшылықтар; тарифтер және /ГАТТ/ туралы Бас Келісімге cәйкес үшiншi бiр елдерге жасалатын артықшылықтар және ГАТТ-пен басқа да халықаралық келісімдерге сәйкес дамушы елдерге жасалатын артықшылықтар.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|