Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
2013 жылғы 6 маусым № 105 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес жасалған. 2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлар тізбесі осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі - селолық округтің әкімі) жүгінеді, мекенжайлар тізбесі осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт). 5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|