|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы
ҚР Үкіметінiң 1998 жылғы 25 қыркүйектегi № 951 Қаулысымен бекітілді 1998 ж. 7 қазанда күшіне енді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі: экономикалық және сауда байланыстарында техникалық тосқауылдарды жою мақсатында; осы саладағы халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидалар мен нормаларды ескере келе стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын бiлдiре отырып, екi Тараптың экономикалық мүддесiн басшылыққа ала отырып мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Тараптар: өзара тиiмдi шарттар негiзiнде стандарттаудың, метрологияның және сертификаттаудың қолданылып жүрген мемлекеттік жүйелерiн өзара таниды; келісілген шарт бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтiк және анықтамалық құжаттардың өзара берiлуiн қамтамасыз етедi; Тараптар бекiткен бiрыңғай физикалық шаманың мемлекеттік эталондарын, заттар мен материалдық қасиеттерi құрамының стандарттық үлгiлерiн, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтамалық мәлiметтердi таниды; екiншi Тарап жүргiзген мемлекеттік сынақтардың, өлшеу құралдары типiн бекітудiң, калибрлеудiң және метрологиялық аттестациялаудың нәтижелерiн келісілген тәртiпте таниды; Тараптардың салыстырып тексеру, сынау және калибрлеу, лабораторияларын орталықтарын тiркеудi жүргiзетiн ұйымдарын, сондай-ақ өзара келісілген процедуралар бойынша өлшеу құралдарын салыстырып тексерудi, сынауды және калибрлеудi жүзеге асыратын осы ұйымдар тiркеген лабораториялар мен орталықтарды келісілген тәртiпте өзара таниды; екiншi Тараптың сертификаттау жөніндегі органдарын, сынау лабораториялары мен орталықтарын; сондай-ақ өзара келісілген ережелер мен процедуралар бойынша өнiмге және қызмет көрсетуге сәйкестiк сертификаттары мен сәйкестiк белгiлерiн келісілген тәртiпте таниды.
Егер олардың талаптары Мемлекет заңдарына қайшы келмейтiн болса Тараптардың кез келгенi стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Ұлттық орган енгiзген тәртiпте, екiншi Тараптың стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтi құжаттарын қолдана алады.
Тараптар ынтымақтастықты қосымша Келісімдер, Хаттамалар және Бағдарламалар негiзiнде жүзеге асыратын болады.
Осы Келісімде көзделген жұмыстарды үйлестiру және олардың орындалу жауапкершiлiгi; Қазақстан Республикасында - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiне; Литва Республикасында - Стандарттаудың Литва департаментiне жүктеледi.
Егер берушi Тарап олардың құпиялылығын ескертсе, Тараптар осы Келісім шегiнде жүргiзiлген жұмыстар туралы және қол жеткен ғылыми-техникалық нәтижелер туралы алған құжаттары мен ақпараттардың құпиялылығын сақтайды. Осы ақпарат оны берушi Тараптың келісімiмен ғана үшiншi мемлекетке жiберiлуi мүмкiн.
Осы Келісім, Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да екiжақтық немесе көпжақтық Келісімдерден туындайтын құқықтар мен мiндеттердi жасай немесе өзгерте алмайды.
Осы Келісімдi орындауға және түсiндiруге байланысты барлық даулар өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлуге тиiс.
Осы Келісім Тараптардың өзара уағдаластық бойынша өзгертiмi немесе толықтырыла алады.
Осы Келісім олардың қажеттi iшкi мемлекеттік процедураларды орындауы туралы Тараптардың соңғы мәлiмдеген күнiнен бастап күшiне енедi және бес жыл бойы қолданылатын болады. Егер Келісім қолданысының мерзiмi бiткенге дейiн алты ай бұрын Тараптардың бiреуi екiншi Тарапқа оның күшiн өзiнiң жойғысы келетiн ниетi туралы жазбаша мәлiмдемейтiн болса, онда осы Келісімнiң қолданысы келесi бесжылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылатын болады.
Алматы қаласында 1997 жылы 07.03. екi данада, әрқайсысы қазақ, литва және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң де күшi бiрдей, Келiспеушiлiк туындаған жағдайда Тараптар орыс тiліндегі мәтiндi басшылыққа алатын болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |