Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2017.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - жоспар) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 969 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар: 1) жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын; 2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 969 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 969 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 273 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 413 Қаулысымен (бұр.ред.қара) іс-шаралар жоспары өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|