| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң лицензиялық
ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 7 сәуірдегі № 530 Қаулысымен бекітілді Күшіне енетін мерзімін қараңыз
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсімге қатысушы мемлекеттердi бiлдiретiн үкiметтер, Достастық шеңберiнде интеграциялық процестердiң дамуына аса мән бере отырып, 1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттар саласында келісілген саясат жүргiзу туралы келісімнiң және 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Инвестициялық саясат саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнiң ережелерiн ескере отырып, 1994 жылғы 9 қыркүйектегi Құрылыстық қызметтегi ынтымақтастық туралы келісімнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып; төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн мына терминдер мыналарды бiлдiредi: лицензия (мемлекеттік лицензия) - оны иеленушiге Тараптың аумағында белгiленген мерзiм iшiнде құрылыстық қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға құқық беретiн Тараптың уәкiлетті мемлекеттік органы беретiн арнайы рұқсат (құжат); құрылыстық қызмет - Тараптың аумағында оны жүзеге асыру үшiн лицензия алу қажет жобалық және құрылыс-монтаждық жұмыстардың, құрылыс үшiн iздестiрулердiң жекелеген түрлерi, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру, инжинирингтік және өзге де жұмыстар мен қызмет етулердi көрсету; лицензиар (лицензиялық орган) - Тараптың ұлттық заңына сәйкес құрылыстық қызметтi лицензиялауды жүргiзуге уәкiлеттi Тараптың мемлекеттік органы; лицензиат (лицензиялау субъектiсi) - Тараптың аумағында құрылыстық қызметтiң жекелеген түрiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға (жеке кәсiпкер).
Тараптардың лицензиарлары құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiне арнап оларға берiлген лицензияларды өзара таниды, солар бойынша олардағы лицензиялар беру тәртібі лицензиатқа сәйкес ұлттық лицензияны ресiмдеу және беру жолымен баламалы болады. Тараптардың лицензиарлары беретiн лицензияларды өзара тану, лицензиялар бланкаларының және мөрлердiң үлгiлерiмен алмасу тәртібін, құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiнiң баламалылығын (жұмыстар және қызмет көрсетулердiң келісілген тiзбесi бойынша) және осы Келісімнiң шеңберiнде өзге де мәселелердi шешу тәртібін Тараптардың құрылысты басқарудың орталық мемлекеттік органдары немесе Тараптардың басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдары олардың арасында жасалған жеке шарттар негiзiнде белгiлейдi.
Лицензиатқа берiлген сәйкес ұлттық лицензияның қолданылу мерзiмi аумағында құрылыстық қызмет жүргiзiлетiн Тараптың ұлттық заңына орай белгiленедi, алайда ол екiншi Тараптың лицензиары берген лицензияның қолданылу мерзiмiнен аспауы тиiс. Өзара танылған лицензияның мерзiмiн ұзартуды сәйкес ұлттық лицензияны берген Тараптың лицензиары өзi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
Өзара танылған ұлттық лицензия беру үшiн төлем мөлшерi аумағында құрылыстық қызмет жүргiзiлетiн Тарап лицензиатының ұлттық заңына сәйкес белгiленедi. Егер осындай лицензия беру үшiн төлем мөлшерi заңмен анықталмаған жағдайда ол құрылыстық қызметтiң әрбiр жеке түрiне 25 АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгiленедi. Лицензия беру үшiн төлем тәртібін, қосымша төлемдер мен алымдар ауқымы өзара танылған ұлттық лицензияны беретiн лицензиар Тарабының заңдарына сәйкес белгiленедi. Төлем лицензиат құрылыстық қызметтi жүзеге асыру ниетi бар Тараптың ұлттық валютасында лицензиаттың оған өзара танылған ұлттық лицензия беру туралы өтiнiшi қабылданған күнi АҚШ долларына қатысында ұлттық банк белгiлеген сол ұлттық валютаның бағамы бойынша жүргiзiледi.
Тараптардың лицензиарлары лицензиялардың бiрдейлендiрiлген бланкаларын, лицензияларды өзара тану үшiн құжаттар тiзбесiн және лицензиялауға жататын құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн жасауда бiрлесiп iс-қимыл жасайды, сондай-ақ олар жасаған жекелеген шарттар, тiркелген және лицензиатқа берiлген өзара танылған ұлттық лицензиялар туралы ақпараттармен алмасуды жүзеге асырады.
Лицензиат оған берiлген лицензияда көрсетiлген құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың жағдайлары мен ережелерiн бұзған жағдайда лицензиар лицензияны жоя (қайтарып ала) немесе лицензиар ұсынған Тараптың заңдарына сәйкес оның қолданылуын тоқтата алады.
Осы Келісім Тараптар қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық шарттардың, соның iшiнде Тараптардың лицензиарлары басқа да мемлекеттерге және бiрiккен кәсiпорындарға берген лицензиялар туралы ережелерiн қозғамайды. Тараптар құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған лицензияларды өзара тану туралы осы Келісімнiң қатысушысы болып табылмайтын өзге де мемлекеттермен шарттарға қол қою кезiнде олар осы Келісімнiң ережелерiн ескеруге келiстi.
Осы Келісімге Тараптардың ортақ келісімiмен Келісімнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Осы Келісімдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың құрылысты басқарудың орталық мемлекеттік органдарының немесе Тараптардың басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдарының консультациялары және келiссөздерi жолымен шешiлетiн болады. Келiссөздер жолымен даулы мәселелердi реттеу мүмкiн емес кезде Тараптар арасындағы келісім бойынша оларды шешу кез келген халықаралық арбитражға тапсырылуы мүмкiн.
Осы Келісім қол қойылған күнiнен бастап, ал оның күшiне енуi үшiн заңдары мемлекет iшкi рәсiмдердi орындауды қажет ететiн мемлекеттер үшiн депозитарийге тиiстi хабарлау тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келісім ол күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолдануда болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, әр сайын бес жылдық кезеңге автоматты ұзартылып отырады.
Әр Тарап депозитарийге 6 айдан кешiктiрмей алдын ала ресми жазбаша хабарлау жiберiп, осы Келісімге өзiнiң қатысуын тоқтата немесе кiдiрте алады.
Осы Келісім оның ережелерiне ортақтасатын өзге де мемлекеттердiң қосылуына депозитарийге осындай қосылу туралы құжаттар тапсыру жолымен ашық болады.
Осы Келісімнiң ережелерiн iске асыруды үйлестiру және бақылау әр Тараптардың шешiмi бойынша Тараптардың құрылысты басқарудың орталық мемлекеттік органдарына немесе Тараптардың басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдарына, сондай-ақ Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетiне жыл сайын Келісімнiң орындалу барысы туралы баяндама берiп тұратын Құрылыстық қызметтегi ынтымақтастық туралы үкiмет аралық кеңеске жүктеледi.
1997 жылы 27 наурызда Мәскеу қаласында орыс тілінде бiр түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақтаулы.
Осымен қоса берiлiп отырған мәтiн 1997 жылғы 27 наурызда Москва қаласында болған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерiнiң басшылары кеңесiнiң мәжілісiнде қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң лицензиялық органдары құрылыстық қызметтi жүзеге асыруға арнап беретiн лицензияларды өзара тану туралы келісімнiң түпнұсқалық көшiрмесi екендiгiн куәландырамын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |