Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы (2012.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.23.04. № 439 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 1735 Қаулысымен (бұр.ред.қара) стратегиялық жоспар өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.30.01. № 173 Қаулысымен стратегиялық жоспар жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы Азық-түлік қауіпсіздігін және өнім экспортының өсуін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенінде, су, орман, аңшылық және балық шаруашылықтарында мемлекеттің саясатын тиімді қалыптастыру және іске асыру арқылы елдің табиғат ресурстарын сақтау және дамыту. Пайымдауы Министрлік Стратегиялық жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізетін болады: 1) АӨК-нің жалпы қосылған құнын 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда кемінде 16 %-ға ұлғайту; 2) агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін арттыру; 3) агроөнеркәсіп кешенінің өнімін сатудан түскен экспортты табысын 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 20 %-ға арттыру Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|