| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінiң 1997 жыл 4 наурыздағы № 295 Қаулысымен бекітілді 1997 ж. 4 маусымда күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі, бұдан былай Уағдаласушы Тараптар деп аталады, екi ел арасындағы теңдiк пен өзара тиiмдiлiк принциптерiне негiзделген сауда қатынастары мен экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты да үйлесiмдi дамуы үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтылып, осы Келісімдi жасасуға ұйғарды және мыналар жайында уағдаласты:
Уағдаласушы Тараптар екi елдiң арасындағы өзара экономикалық және сауда қатынастарын дамытуға Уағдаласушы Тараптар елдерiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жәрдемдесетiн болады.
Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне Уағдаласушы Тараптар елдерiнде шығарылған тауарлардың импорты мен экспортында үшiншi елдердiң тауарларына қатысты қолданылатындай мейлiнше қолайлы жағдайлар туғызатын болады. Жоғарыда баяндалған қағида Қазақстан Республикасы немесе Польша Республикасы: а/ көршi елдермен шекаралық саудада жүзеге асыру үшiн; б/ Қазақстан Республикасымен немесе Польша Республикасымен бiрге аймақтық экономикалық ұйымдарға, кедендiк одақтарға, еркiн экономикалық аймақтарға, оның iшiнде еркiн сауда аймақтарына қатысушы немесе қатысатын елдерге байланысты берген немесе беретiн артықшылықтарға, жеңiлдiктер мен игiлiктерге қолданылмайды.
Халық шаруашылығының барлық сауда салаларындағы ынтымақтастық: - бiрлескен кәсiпорындар мен ұйымдар құру және дамыту; - коммерциялық байланыстарды дамыту; - мамандар алмасу; - консалтинг бойынша қызмет көрсету; - сауда-өнеркәсiп көрмелерi мен жәрмеңкелерiн ұйымдастыру; - ынтымақтастықтың өзара мүдделiлiк туғызатын басқа да нысандарын ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Тауарлар берiп тұру мен қызмет көрсету, бiр жағынан Қазақстан Республикасының заңды ұйым мәртебесi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi мен келесi жағынан Польша Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi, бұдан былай олар "Субъектiлер" делiнедi, арасында жасасылған контрактiлер негiзiнде халықаралық саудада қолданылып жүрген принциптер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы есеп айырысулар мен төлемдер халықаралық саудада және қаржы тәжiрибесiнде қабылданған шарттарға сәйкес еркiн айналыстағы валютамен жүргiзiлетiн болады. Уағдаласушы Тараптардың тиiстi органдарының уағдаластығы бойынша есеп айырысулар мен төлемдер, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптар елдерiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзгедей нысанда да жүзеге асырылуы мүмкiн.
Уағдаласушы Тараптардың тиiстi органдары екеуара принциптер негiзiнде Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң заңдарына сәйкес субъектiлерге өзара сауданы дамытуға ықпал ететiн өкiлдiктер, бюролар, стансалар мен техникалық қызмет көрсету пункттерiн құруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтiң өзге де мәселелерiн шешуге жәрдемдесетiн болады.
Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң құзырлы органдары Уағдаласушы Тараптар елдерiнде қолданылып жүрген сыртқы экономикалық қызметтi реттеу саласындағы заңдар мен басқа да нормативтiк актiлер туралы ақпараттармен жүйелi түрде алмасып отыратын болады.
Осы Келісім Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң әрқайсысы мүше болып отырған басқа Халықаралық Келісімдерден, Конвенциялардан, Шарттар мен Хаттамалардан туындайтын мiндеттемелерге қайшы келмейдi. Уағдаласушы Тараптар келесi Уағдаласушы Тараптың мүддесiне қатысты болатын Уағдаласушы Тараптар қол қойған жаңа халықаралық құжаттар туралы ақпарат алмасып тұрады.
Берiлетiн тауарлар Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң заңдарына сәйкес экспортқа шығарушының немесе экспортқа шығарушы елдiң құзырлы органдарының алдын-ала берген жазбаша келісімi арқылы ғана үшiншi елдерге қайтара экспортқа шығарылатын болады.
Уағдаласушы Тараптар бiрлесiп Аралас Комиссия құрады. Комиссия осы Келісімнiң қағидаларын жүзеге асыруды талдайтын, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудiң қосымша мүмкiндiктерiн iздестiретiн, экономикалық ынтымақтастықты дамыту барысында туындауы мүмкiн проблемалардың шешiмiн ұсынатын болады. Комиссия қажетiне қарай, бiрақ жылына бiр реттен сиретпей, кезегiмен Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасында жиналып отырады.
Осы Келісім Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң заңдарына сәйкес күшiне енгiзiледi, мұның өзi ноталар алмасу жолымен қуатталады. Соңынан келiп түскен нота алынған күн Келісім күшiне кiрген күн болып саналады. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнен ұсынысы бойынша олардың өзара келісімi арқылы осы Келісімнiң өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн. Осы Келісім беймағлұм мерзiмге жасалады. Уағдаласушы Тараптардың қайсысының болсын өтiнiшi бойынша оның бұзылуы мүмкiн және ол бұзу туралы нота алынған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн күшiн жояды. Осы Келісімнiң күшiн бұзған жағдайда оның қағидалары осы Келісім күшiнде тұрған кезде қабылданған барлық мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн қолданылатын болады. Алматыда 1992 жылғы қазан айында 14 жұлдызында әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi үш текстiң да күшi бiрдей. Уағдаласушы Тараптар арасында осы Келісімдi пайымдау жөнiнен алауыздық туған жағдайда Тараптар орыс тіліндегi текстi басшылыққа алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |