|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінiң 1997 жылғы 24 ақпандағы № 258 Қаулысымен бекітілді
Бұдан былай «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қытай Халық Республикасының Үкіметі, 1993 жылы 18 қарашада Пекин қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастардың негiздерi туралы бiрiккен Декларацияны, 1995 жылы 11 қыркүйекте Пекин қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды ары қарай дамыту және тереңдету туралы бiрiккен Декларацияны басшылыққа ала отырып, 1995 жылы 1 қыркүйекте Пекин қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды есепке ала отырып, бейбiт қарым-қатынастардың және өзара сенiмнiң бес принципiне негiзделген Тараптар арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық дамытуға ұмтыла отырып, төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Тараптар өз елдерiнiң заң шығарушылығына, жалпыға танымал халықаралық құқық принциптерiне сәйкес, теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде, екi елдiң халықаралық мiндеттерiн есепке ала отырып: 1) Тараптардың әскери-техникалық ынтымақтастығын: 2) Тараптардың қарулы күштерi және қорғаныс өнеркәсiптерiнiң кәсiпорындары арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдем көрсетедi.
1. Екi Тарап төмендегi бағыттарда: 1) жаяу әскерлер, әскери-теңiз күштерi, әскери-әуе күштерi, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерi және радиотехникалық әскерлердiң мұқтаждықтары үшiн өндiрiлетiн әскери техниканы, қару-жарақты, оларға қажеттi тетiктердi және қосалқы бөлшектердi (бұдан былай «арнайы мүлiк» деп аталатын) жеткiзудi; 2) бiрiккен ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды және арнайы мүлiктi тәжiрибе тәртібімен бiрiгiп дайындауды жүргiзудi; 3) әскери техника мамандарымен және қорғаныстық-ғылыми зерттеулермен, арнайы мүлiктi дайындау және жасаумен айналысатын мамандармен алмасуды; 4) қорғаныстық ғылыми-техникалық мәлiметтермен және құжаттармен алмасуды; 5) арнайы мүлiктi, олардың тетiктерiн және қосалқы бөлшектерiн жөндеудi және жетiлдiрудi; 6) арнайы мүлiктi пайдалану және жөндеу бойынша мамандарды дайындауды; 7) Тараптардың келiсуi бойынша анықталған объектiлерде ынтымақтастықты жүзеге асырады. 2. Жоғарыда көрсетiлген бағыттарда қаржылай есеп айырысу әрбiр нақты жағдайда атап көрсетiлетiн тәртiпте және шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Келісімнiң 2-бабында атап өтiлген ынтымақтастық төмендегi: 1) Тараптар келiскен техникалық тапсырмалар бойынша конструкторлық жұмыстарды жүргiзу және тәжiрибе тәртібімен арнайы мүлiктi жасау; 2) Тараптар келiскен техникалық тапсырмалар бойынша жеткiзiлетiн арнайы мүлiктi жетiлдiру; 3) арнайы мүлiктiң тиiстi түрлерiн таңдау бойынша ұсыныстарды дайындау және беру; 4) арнайы мүлiктi дайындау, жасау және жөндеу бойынша бiрiккен кәсiпорындарды құру; 5) Тараптардың заң шығарушылығына сәйкес арнайы мүлiктi өндiруге рұқсат беру және алу; 6) Тараптардың заң шығарушылығына және олардың халықаралық мiндеттерiне сәйкес өзара жеткiзiлетiн арнайы мүлiктi дайындау және жөндеу бойынша техникалық құжаттармен алмасу; 7) арнайы мүлiктi дайындау және жөндеу бойынша технологиялық жабдықтарды өзара жеткiзу; 8) арнайы мүлiктi дайындауда және жөндеуде пайдаланылатын шикiзат, материалдар, жартылай фабрикаттар және қосалқы бұйымдарды өзара жеткiзу; 9) Тараптар келiскен басқа да жолдармен жүзеге асырылады.
Арнайы мүлiктi, тетiктердi және оларға қажеттi қосалқы бөлшектердi өзара жеткiзу және жөндеудi жүргiзу Тараптардың өкiлеттi ұйымдары келiскен тiзiмдер бойынша жүзеге асырылады.
1. Осы Келісімдi орындау үшiн өкiлеттi ұйымдар: Қазақстан Тарапынан: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі және Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi бойынша комитет; Қытай Тарапынан: ҚХАА бас штабы және Қытай Халық Республикасының Қорғаныс ғылымы, техникасы және қорғаныс өнеркәсiбi бойынша комитетi болып табылады. 2. Екi Тараптың өкiлеттi ұйымдары ынтымақтастық нақты мазмұнын, объектiлерiн, жоспарларын және формаларын, сондай-ақ осы Келісім бойынша есеп айырысу тәртібі иен шарттарын барынша тез арада келiседi.
Ынтымақтастық кезiнде пайда болатын нақты сұрақтарды Тараптардың өкiлеттi ұйымдары келiссөздер жүргiзу жолдарымен шешiп отырады.
Осы Келісімдi орындау үшiн өзара делегацияларды жiберуге байланысты сұрақтар Тараптардың өкiлеттi ұйымдарымен келісіледi.
1. Тараптар ынтымақтастық процесi кезiнде арнайы мүлiктiң, тетiктердiң, қосалқы бөлшектердiң, блоктардың, материалдардың, техникалардың, патенттердiң, ынтымақтастық жоспарларының, жұмыс кестесiнiң және ғылыми-техникалық құжаттардың құпиялығын сақтауды қамтамасыз етуге қажеттi шараларды қабылдайды. 2. Ынтымақтастық кезiнде Тараптар алған нәтижелер, мәлiметтер Тараптарға тиесiлi және екiншi Тараптың жазбаша келісімiнсiз үшiншi Тарапқа берiлмейдi.
Осы Келісім Тараптардың келiсуi бойынша жазбаша түрде өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн.
Осы Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап уақытша қолданылады. Осы Келісім Тараптардың қажеттi iшкi мемлекеттік процедураларын орындағандығы туралы ноталармен айырбастаған күннен бастап күшiне енедi. Осы Келісім бес жыл мерзiм iшiнде күшiнде қалады және ары қарай егерде Тараптардың бiреуi оның қызметiн тоқтатқысы келетiндiгi туралы Келісім қызметiнiң бiтуiне алты ай қалған мерзiм iшiнде екiншi Тарапқа жазбаша түрде өз ниетiн хабарламаса, онда оның күшi өзiнен-өзi келесi бес жылға ұзартылады.
Осы Келісім 1996 жылы 5 шiлдеде Алматы қаласында әрқайсысы қазақ, қытай, орыс тілінде екi данада жасалды, сондай-ақ барлық текстiң күшi бiрдей. Осы Келісімдi түсiндiру кезiнде қарама-қайшылық пайда болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегi текстi ұстанады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |