|
|
|
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы
ҚР 1998 жылғы 9 қарашадағы № 287-I Заңымен ратификацияланды 1999 ж. 22 маусымда күшіне енді
Бұдан әрi қарай «Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи тамырлары мен мәдениет, тiл және дәстүр ортақтастығы бар екi мемлекет халықтарының бауырластығы, достығы және өзара түсiнiстiгi рухында жан-жақты ынтымақтастықты дамыту үшiн қажеттi негiз құруға ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы бауырластық, достық және тату-тәттi көршiлiк қарым-қатынастарды нығайту екi мемлекет халықтарының түпкiлiктi мүдделерiне сай келедi деп санай отырып, БҰҰ Жарғысының, Хельсинки Қорытынды Актiсiнiң және ЕҚЫҰ шеңберiнде қабылданған өзге де құжаттардың принциптерi мен мақсаттарына өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып, Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiнде екi елдiң экономикалық ынтымақтастығын тереңдету, одан әрi қарай да оны дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау, барлық меншiк үлгiсіндегі шаруашылық субъектiлерi арасында тiкелей байланыстар орнату қажет деп санай отырып, олардың арасында қалыптасқан бауырластық, достық және ынтымақтастық қатынастарын одан әрi қарай дамыту және оларды жаңа сапаға көшiру мақсатында, мына төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы бауырлас және достас мемлекеттер бола отырып, өз қарым-қатынастарын өзара түсiнiстiк, жан-жақты ынтымақтастық және өзара сенiм негiзiнде құрады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi мемлекеттiң де тәуелсiздiгiн, егемендiгiн құрметтеу, аумақтық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығы, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне қол сұқпаушылық, тең құқықтылық және өзара тиiмдiлiк принциптерi негiзiнде қарым-қатынастарын белсендi түрде дамытуға бел буғандықтарын қуаттайды. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң мемлекеттік шекараларының қазiргi кездегi әкiмшiлiк-аумақтық шектелуi негiзiнде өтуiн таниды.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрлескен, келісілген қорғаныс саясатын жүргiзуде, аймақта бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау үшiн өзара бiрлескен iс-әрекеттi қамтамасыз етуде ынтымақтасуға мiндеттенедi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мемлекетаралық қатынастарында күш қолданбауға немесе күш қолдану қатерiн туғызбауға, екiншi Тарапқа қарсы бағытталған одаққа кiрмеуге, өз позицияларын үйлестiру және Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысына төнген қатердi жою жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында халықаралық қауiпсiздiктiң барлық мәселелерi жөнiнде шұғыл түрде консультациялар өткiзуге мiндеттенедi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiне қарсы басқыншылық әрекетi болған жағдайда екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарап оған әскери көмектi қоса алғанда, қажеттi көмек көрсетедi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң аумағын, коммуникациялар жүйесi мен басқа да инфрақұрылымдарын үшiншi мемлекеттердiң екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа қарсы қарулы басқыншылық немесе өзге де дұшпандық қызмет әзiрлеу немесе жүзеге асыру мақсатында пайдалануына жол бермеуге мiндеттенедi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар жан-жақты көмек көрсете отырып, ең бiрiншi кезекте тәуелсiздiгi мен егемендiгiне, аумақтық тұтастығы мен тәуелсiз саясат жүргiзуiне қатер төндiрудi болдырмау мәселелерiнде екi жақты ынтымақтастықты дамытатын болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар әскери салада екi жақты ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады және олардың арасында әскери мәселелер бойынша жасалған келісімдердi барынша тиiмдi түрде жүзеге асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдайды, қажет болған жағдайда оларды жаңартатын, сондай-ақ жаңа келісімдер жасасатын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар аймақтағы бейбiтшiлiктi нығайту, тұрақтылық пен қауiпсiздiктi күшейту мақсатында өзара бiрлесiп әрекет етедi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұжымдық қауiпсiздiктi нығайтуға, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ-ның бiтiмгершiлiк рөлін күшейтуге және Тараптардың мүддесiн қозғайтын аймақтық шиеленiстер мен өзге де жағдайларды реттеу механизмдерiнiң тиiмдiлiгiн көтеруге жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда бiрлескен немесе келісілген iс-қимылды жүзеге асыру мақсатында осы салаларда өз позицияларын үйлестiрiп отырады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тұрақты негiзде өзара мүдделi мәселелер жөнiнде консультациялар өткiзедi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысын өзiнiң аумағында тұратын екiншi Тарап азаматтарына олардың ұлтына, дiнiне немесе басқа да өзгешелiктерiне қарамастан, адам құқығы туралы жалпы жұрт таныған халықаралық нормаларға сәйкес әлеуметтiк, экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қырғыздардың және Қырғыз Республикасының аумағында тұратын қазақтардың ұлттық мәдениетi мен тілін сақтау және дамыту құқығын қамтамасыз етедi және осы саладағы ынтымақтастықты дамытады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ауқымды негiзде және ұзақ мерзiмдiк перспективаларды ескере отырып және барынша қолайлы жағдайларда екi жақты экономикалық, сауда қатынастарын, ғылым, мәдениет, білім, технология және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы байланыстарды дамытуға жәрдемдеседi. Осы мақсатта Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi ел арасында тауарлардың, қызметтер мен капиталдың кең ауқымды және тиiмдi алмасуына бiрте-бiрте көшу үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, қаржы және сауда жағдайларын жасайтын болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрiншi кезекте өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм, байланыс пен телекоммуникация және энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тұрақты консультацияларды, экономика, ғылым және техника салаларындағы ақпарат және тәжiрибе алмасуларды көтермелейтiн, сондай-ақ барлық деңгейдегi байланыстардың кеңейе түсуiн қолдайтын болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрлескен қаржы-өнеркәсiп топтарын, холдинг және лизинг компанияларын құру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру қажет деп бiледi. Олар өндiрiстiк, инвестициялық, банк және коммерция салаларындағы ұлттық капиталдар ынтымақтастығының прогрессивтiк нысандарын дамытуға жәрдемдесетiн болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың жеке адамдары мен заңды тұлғаларына өз аумақтарында кәсiпкерлiк және өзге де шаруашылық қызметтер үшiн тиiмдi құқықтық, экономикалық және қаржы жағдайларын қамтамасыз ететiн болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы мақсатта жасалған, келісімдер негiзiнде өзара инвестицияларды көтермелейтiн және олардың қорғалуын қамтамасыз ететiн болады.
Екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағындағы бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тарап мүлкiнiң құқықтық тәртібі, егер олардың арасындағы басқа келісімде өзгеше жағдай көзделмеген болса оның меншiк нысанына қарамастан мүлiк орналасқан Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз аумағында екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың меншiк құқығын қорғауға кепiлдiк бередi.
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар қолайлы және өзара тиімді жағдайларда көлік қатынасы, тауарлар транзитi және қызмет көрсетулердi дамыту саласында ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң трансазиялық темір жол және автомобиль магистральдарын қалыптастыруда, сондай-ақ транзиттiк тасымалдар саласында ынтымақтастықты дамытуда өздерiнiң экономикалық потенциалын пайдалану қажеттiгiн растайды.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi елдiң мәдениет және білім мекемелерi арасындағы байланыстарды, сондай-ақ мамандармен алмасуларды көтермелейтiн болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз азаматтарына екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың тiлін, мәдениетiн, өнер, әдебиет шығармаларын және баспасөзiн оқып-үйренуге кең мүмкiндiктi қамтамасыз етедi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықтың денсаулығын қорғау iсiнде, медицина ғылымы мен практикасын дамытуда, оның материалды-техникалық базасын нығайтуда ынтымақтасады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiр Тараптың бiрегей және арнайы медициналық сауықтыру мекемелерiн екiншi Тарап азаматтарының емдеу және консультациялық көмек алуы үшiн пайдалану мүмкiндiгiн және құқығын сақтайды.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы саладағы екi жақты және көп жақты шарттарға сәйкес әрекет ете отырып, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге басым мағына бередi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және табиғатты ұтымды пайдалану үшiн қажеттi iс-шараларды қабылдайды. Олар бiрлескен арнайы табиғатты қорғау бағдарламалары мен жобаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға жәрдемдеседi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы халықтың тұрмыс-тiршiлiгi үшiн қауiп-қатер төндiретiн экологиялық апаттар мен табиғи құбылыстары кезiнде екiншi Тарапқа шұғыл жәрдем көрсетедi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiнiң дипломатиялық, консулдық, сауда және басқа да ресми өкiлдiктерiнiң қызметiн өзаралық негiзде барынша жеңiлдетедi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысатын iскер адамдардың, журналистер мен мамандардың жұмысы мен тұруының тиiстi жағдайларын қамтамасыз етедi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi елдiң парламенттерi арасындағы байланыстардың әрi қарай кеңеюiне жәрдемдесетiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар облыстар, аудандар мен қалалар, жергiлiктi өкiмет органдарының өкiлдерi арасындағы байланыстар мен ынтымақтастық екi жақты қарым-қатынастарға жаңа ауқымдар мен мағына беретiнiне сенiмдi бола отырып, бұндай ынтымақтастықтың дамуын көтермелейтiн болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар шекаралас аумақтар тұрғындарының арасындағы байланыстардың кеңеюiне жәрдемдесетiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен, есiрткi құралдар мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен, қару-жарақ контрабандасымен, мәдениет құндылықтарының заңсыз сатылуы мен шетелдерге орын ауыстыруларымен, құқыққа қарсы iс-әрекеттер, қылмыстың өзге де түрлерiмен айналысу нәтижесiнде алынған кiрiстi рәсiмдеумен күрес саласында ынтымақтасатын болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуға байланысты оқиға-жанжалдарды халықаралық келісімдерде белгiленген принциптер негiзiнде реттейтiн болады.
Осы Шарт үшiншi мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ешбiр нысанда Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың басқа мемлекеттермен қазiргi бар екi жақты және көп жақты келісімдерiнен туындайтын қандай да бiр құқықтары мен мiндеттемелерiне қатысы жоқ.
Осы Шарт күшiне енгеннен кейiн Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қарым-қатынастарда 1993 жылғы 18 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарт күшін жояды.
БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Шарт БҰҰ Хатшылығына тіркелуi тиiс.
Осы Шарттың ережелерін iске асыру мақсатында Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар, қажет болған жағдайда, жекелеген келiсімдер жасасатын болады.
Өзара уағдаластық бойынша Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы Шартқа тиісті хаттамалармен ресімделетiн толықтырулар мен өзгертулер енгізе алады. Толықтырулар мен өзгертулер оларды екі Тарап бекiткеннен кейін күшіне енеді және осы Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылады.
Қажет болған жағдайда, Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар осы Шарт ережелерін түсіндіру және қолдану мәселелерi жөнiнде консультациялар мен келiссөздер жүргізеді.
Осы Шарт бекітілуi тиіс және бекіту грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшіне енеді. Осы Шарт белгiсiз мерзімге жасалды.
Алматы қаласында 1997 жылғы 8 сәуірде екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Шарттың ережелерін түсіндіру мақсаты үшін Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |