Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на открытии третьей сессии Парламента Республики Казахстан пятого созыва
Құрметті депутаттар!
Құрметті Үкімет мүшелері!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59 бабына сәйкес бесінші шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын.
Құрметті Мәжіліс және Сенат депутаттары!
Баршаларыңызды жаңа парламенттік маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бесінші шақырылымдағы Парламент өзінің конституциялық өкілеттігі аясында бір жарым жыл жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде үш партиялы Мәжіліс жоғары деңгейде қызмет атқара алатынын көрсете білді. Отандық парламентаризм тарихында тұңғыш рет заң шығару жұмысын бір шақырылымдағы депутаттардың өкілеттік мерзіміне тұтастай жоспарлау тәжірибесі енгізілді. Бұрын біз ондай жоспарды тек бір сессияға ғана жасайтын едік. Екінші сессия барысында 100-ге жуық заң қабылданды. Қазақстан экономикасының құқықтық негізі жақсарып, салық жүйесі жетілдірілді, шағын және орта бизнесті дамытудың заңнамалық мәселелері шешілді. Зейнетақы жүйесін реформалау, білім беру жинақтау жүйесін құру, мемлекеттік қызмет көрсету туралы және басқа да көптеген маңызды әлеуметтік заңдар қабылданды. Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар. Парламентіміз жоғары саяси жауапкершілік режимінде жұмыс істеп, халық өкілі ретіндегі өз міндетін абыроймен атқарып келеді. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау қажет. Себебі, біз дамудың ең шешуші сатысы - «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл Стратегияның алға қойған негізгі мақсаты - әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. Бұл барша Қазақстан халқына, оның ішінде сіздерге айрықша міндеттер жүктейді.
Уважаемые депутаты!
Новая сессия Парламента начинается в условиях реализации Стратегии «Казахстан - 2050». В своём Послании народу я определил целью новой почти полувековой эпохи - обеспечить вхождение Казахстана в число 30-ти наиболее развитых стран мира. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 150 тг
|