111 Конвенция
ҚР 1999 жылғы 20 шілдедегі № 444-I Заңымен ратификацияланды
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшілік Кеңесi Женевада шақырған және 1958 жылдың 4 маусымында өзiнiң қырық екiншi сессиясына жиналған Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы, сессияның күн тәртібінiң төртiншi тармағы болып саналатын еңбек және кәсiптер саласындағы кемсiтушiлiктер туралы бiрқатар ұсыныстар қабылдау жөнiнде қаулы ете отырып, осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi ұйғара отырып, Филадельфиялық декларация нәсiлiне, сенiмiне немесе жынысына қарамастан барлық адамдардың бостандық пен қадiр-қасиет, экономикалық тұрақтылық және тең мүмкiндiктер жағдайында өзiнiң материалдық әл-ауқатын жақсартуға және рухани жетiлуге құқылы екенiн жариялайтынын назарға ала отырып, одан әрi, кемсiтушiлiктер жалпыға бiрдей декларацияда жарияланған адам құқықтарын бұзушылық деп санай отырып, бiр мың тоғыз жүз елу сегiзiншi жылдың маусым айының осы жиырма бесi күнi, Еңбек және кәсiптер саласындағы кемсiтушiлiктер туралы 1958 жылғы конвенция деп аталатын, төмендегi Конвенцияны қабылдайды:
1. Осы Конвенцияның мақсатында «кемсiтушiлiк» деген термин: а) нәсiлiне, өңiне, жынысына, дiнiне, саяси көзқарасына, шетелдiк тегiне немесе әлеуметтiк тегiне қарай жасалатын еңбек және қызмет саласындағы мүмкiндiктер немесе өтiнiштер теңдiгiн бұзуға немесе жоюға соқтыратын қандай да болсын айырмашылық жол бермеушiлiк немесе артықшылық; б) еңбек және қызмет саласында өтiнiш жасау немесе мүмкiндiк теңдiгiн бұзуға немесе жоюға соқтыратын, тиiстi Мүше кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң уәкiлеттi ұйымдары бар жерлерде, олармен және басқа да тиiстi ұйымдармен кеңесе отырып айқындайтын қандай да болсын айырмашылық, жiбермеушiлiк немесе артықшылық дегендi бiлдiредi. 2. Ерекше талаптарға негiзделген белгiлi бiр жұмысқа қатысты айырмашылық, жол бермеушiлiк немесе артықшылық кемсiтушiлiк болып саналмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|