Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы (2019.04.05. берілген өзгерістермен)
Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 106/2 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы «Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару туралы» № 1485 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін. 2. Павлодар облысы әкімдігінің 2002 жылғы 7 қазандағы «Мемлекеттік қорғауға жататын жергілікті маңызы бар сәулет және монументалды өнер ескеркіштерінің қосымша тізімі туралы» № 220/10 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммед 2013 жылғы 06 тамыз
Павлодар облыстық әкімдігінің 2019.04.05. № 144/2 Қаулысымен мемлекеттік тізімі өзгертілді (бұр.ред.қара) Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 276/8 қаулысымен бекітілді
Павлодар облысындағы жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|