|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы № 466 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі халықаралық құқық нормаларын негізге ала және екі мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін ескере отырып; мемлекеттер арасындағы әскери ынтымақтастықты кеңейтуге және осы саладағы өзара түсіністікті тереңдетуге ұмтыла отырып; төмендегілер туралы келісті:
Тараптар арасындағы әскери ынтымақтастық қорғаныс әлеуеттерін нығайту мақсатында және егемендік теңқұқылық және өзара пайдалылық қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Тараптар әскери ынтымақтастықты мына салаларда жүзеге асырады: - халықаралық қауіпсіздік және қорғаныс саясаты; - әскери құрылыс және қарулы күштерді реформалау; - әскери ғылым мен білім; - әскерлерді даярлау; - қарулы күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету; - қарулы күштердің қызметін құқықтық және әлеуметтік қамтамасыз ету; - әскери медицина, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін сауықтыру; - мәдениет, спорт және туризм.
Тараптар әскери ынтымақтастықты мына нысандарда жүзеге асырады: - ресми барыс-келістер, жұмыстық кездесулер және консультациялар; - бірлескен әскери-ғылыми, соның ішінде жаңа әскери технологиялар жасау жөніндегі зерттеулер; - бірлесіп қару-жарақ пен әскери техника дайындау және шығару; - әскери қызметшілерді Тараптардың әскери оқу орындарында оқыту, әскери саладағы, әскери-ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды бірлесіп даярлау; - әскерлерді даярлау жөнінде бірлескен шаралар өткізу; - әскери-ғылыми, әскери-техникалық және арнаулы ақпараттар, соның ішінде конференциялар, семинарлар және практикумдар өткізу арқылы алмасу; - әскери ынтымақтастық шеңберінде мәдени және спорт шараларын өткізу.
Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру мақсатында Тараптар жеке келісімдер жасасатын болады. Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жауапкершілік: Қазақстан Республикасы тарапынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне; Тәжікстан Республикасы тарапынан Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жүктеледі.
Тараптардың өкілетті органдары жыл сайын және бірлесіп, әскери ынтымақтастықтың жылдық жоспарын жасайды. Әскери ынтымақтастық жоспарына шаралардың атауы, өткізілетін уақыты мен орыны, қаржыландыру көздері және басқа мәселелер енгізіледі.
Әскери ынтымақтастық саласындағы шараларды орындауға байланысты қаржы шығындарын Тараптар өзара келісім бойынша жүзеге асырады. Жолдаушы Тараптың делегацияларын орналастыруға тамақтандыруға және көлік қызметін көрсетуге байланысты барлық шығындарды қабылдаушы Тарап өзіне алады. Жолдаушы Тарап делегация мүшелерінің қабылдаушы мемлекеттің аумағындағы кездесу орнына жету және қайту жолақыларының шығындарын өз есебінен төлеуді қамтамасыз етеді. Мамандарды Тараптардың әскери-оқу орындарында даярлау және қайта даярлау тәртібіне байланысты қаржы мәселелері жеке жасалатын келісімдермен реттеледі. Тараптар әскери ынтымақтастық шегінде алынған ақпараттардың сақталуын және келісілген деңгейде құпиялықтың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тараптардың бірінің үшінші тарапқа ақпарат беруіне екінші Тарапқа ол хабарланғаннан кейін және оның жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде дау туған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар арқылы шешетін болады.
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік процедураларды орындағандары туралы соңғы хабар жеткен күннен бастап күшіне енеді. Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және егер кезекті мерзім аяқталуына дейінгі кемі алты ай бұрын Тараптардың бірде бірі оның қызметін тоқтату туралы ниеті барын мәлімдемесе ол келесі бес жылдық мерзімдерге өздігінен ұзартылады.
1999 жылғы 16 желтоқсанда Душанбе қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данадан жасалды, және мәтіндердің бәрінің бірдей күші бар. Осы Келісім ережелерінің оқылуында әртүрлілік туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |