«Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылы № 7 болып жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласы қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында: «Медициналық ұйымдар» деген 1-тарауда: «Басшылардың лауазымдары» деген 1-параграфта: «Денсаулық сақтау ұйымының басшысы» деген 1-кіші бөлімінде: үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «Біліктілікке қойылатын талаптар: Республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент») мамандығы бойынша магистратураның және мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|