Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «ТАРАЗЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «ТАРАЗЫ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бөлімі, реттік нөмірі 511-жол алынып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «ТАРАЗЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1874 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|