| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы
ҚР 2001 жылғы 17 қазандағы № № 249-II Заңын ратификацияланды 2001 ж. 20 қарашада күшіне енді
Төменде «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжiкстан Республикасының Yкіметі екi Уағдаласушы Тарап арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге тiлек бiлдiре отырып, бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының екiншi Уағдаласушы Тарап аумағында күрделi қаржы жұмсауын жүзеге асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға тiлек бiлдiре отырып, Келісімге сәйкес инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау Уағдаласушы Тараптардың экономикалық дамуына жәрдемдесетiн болады деп тани отырып, мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн: 1. «Инвестициялар» терминi мүлiктiк құндылықтардың барлық түрлерiн және оларға құқықтарды, сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында инвесторлардың кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне салатын зиялылық меншiк құқықтарын бiлдiредi және тек қана осылар емес, атап айтқанда: - қозғалмалы және қозғалмайтын мүлiктi және кепiлдемелерiн қоса алғанда, осыларға байланысты кез келген басқа да мүлiктiк құқықтарды, ипотекаларды немесе банктер мен басқа да қаржы мекемелерiнiң есептеріндегі өзге де кепiлдемелер мен қаржыларды ұстау құқығын; - акцияларды, салымдарды (пайларды), облигацияларды және Уағдаласушы Тараптардың әрқайсының заңдарына сәйкес тiркелген кәсiпорындарға, акционерлік қоғамдарға, шаруашылық серiктестiктерге, бiрлестiктерге және заңдарда мойындалатын өзге де заңды тұлғаларға қатысудың кез келген басқа да нысандарын; - заемдарды, несиелердi, мақсаткерлiк банк және қаржы салымдарын және инвестициялардың жүзеге асырылуына байланысты өзге де ақшалай талаптарды; - авторлық құқық қорғайтын объектiлердi, патенттердi, тауарлық белгiлердi, қызмет көрсету белгiлерiн, фирма атауларын, өнеркәсiп үлгiлерiн, шаруашылық құпиялары мен «ноу-хауды» қоса алғанда, зиялылық және өнеркәсiптiк меншiктерiнiң объектiлерiне құқықтарды; - табыстардың және кредиттiк келісімдер бойынша негiзгi қарыз бен пайыздардың төленуiн реинвестициялауды қамтиды. а) Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң қолданыстағы заңдарына сәйкес олардың бiреуiнiң азаматы болып табылатын жеке тұлғаны; б) Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң мемлекет қолданысындағы заңдарына сәйкес құрылған кез келген заңды тұлғаны; в) Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң мемлекет заңдарына сәйкес құрылмаған, бiрақ тап сол Уағдаласушы Тараптың мемлекетiнiң жеке тұлғалары немесе заңды тұлғалары тiкелей немесе жанама түрде оған бақылау жасайтын заңды тұлғаны бiлдiредi. Кәсiпорынды басқарғаны, техникалық қызмет көрсеткенi үшiн түскен пайданы, дивидендтердi, сыйақыларды қоса алғанда, инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесiнде немесе соларға байланысты алынған қаржыларды немесе заттай жолмен алынған кез келген басқа да қаржыларды бiлдiредi. Халықаралық құқыққа сәйкес Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерi оларға өздерiнiң егеменді құқықтары мен юрисдикциясын жүргiзетін еркін экономикалық аймақтарды, континентальдiк шельф пен жер қойнауларын қоса алғанда, Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттік аумағын бiлдiредi. 5. Аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдары мен басқа да нормативтiк актілеріне сәйкес рұқсат етiлген инвестициялар нысандарының өзгеруi оның инвестиция ретіндегі сипатын өзгертпейдi.
2-бап. Инвестицияларды көтермелеу және қорғау
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына жәрдемдесетiн болады және мұндай инвестицияларға өздерiнiң заңдарына сәйкес рұқсат беретiн болады. 2. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарап Инвесторларының инвестициялары үшiн әдiлеттi және тең құқықтық режимдi қамтамасыз ететiн болады және осы инвестицияларды басқаруға, қызмет етуiне, пайдалануға немесе жұмсауға бассыздық немесе кемсiтушiлiк шаралары арқылы қысымшылық көрсетпейтiн болады.
3-бап. Инвестициялардың құқықтық режимi
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз аумағында инвестицияларға қатысты өздерiнiң инвесторларының инвестицияларына немесе үшiншi бiр елдер инвесторларының инвестицияларына жасалатын режимнен кем болмайтын қолайлы режимдi қамтамасыз етедi. а) Уағдаласушы Тараптардың бiреуi олармен бiрге еркiн сауданың кедендiк немесе экономикалық одағына қатысуымен байланысты жекелеген елдердiң инвесторларына беретiн артықшылықтарға; б) Уағдаласушы Тараптардың бiреуi қосарлы салық салуды болдырмау туралы келісім немесе салық мәселелерi жөніндегі басқа да келісімдер негiзiнде жекелеген елдердiң инвесторларына беретiн артықшылықтарға қолданылмайды.
4-бап. Инвестицияларға кепiлдiктер
Уағдаласушы Тараптардың бiреуінiң инвесторлары инвестицияларының реквизициялануы, национализациялануы, экспроприациялануы немесе оларға реквизиция, национализация, экспроприация (бұдан әрi - экспроприация) тәрiздi зардаптарға ұшырататын өзге де шаралардың қолданылуы мүмкiн емес, бұған экспроприация қоғамдық мүдде үшiн жүзеге асырылған жағдайлар және мынадай: - экспроприацияны жүзеге асыратын Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдар белгiлеген тәртiпке сәйкес; - кемсітушіліксіз; - тиiстi өтемақыны кешеуілдетпей төлеу арқылы жүргiзiлген жағдайлар қосылмайды. Өтемақы инвесторға экспроприация туралы белгiлi болған сәттегi экспроприацияланған инвестицияның нарықтық әдiл құнына тең болуға тиiс. Өтемақы қолданыстағы пайыздық ставкаларға сәйкес келетiн және экспроприациялану уақыты мен өтемақы төлеу уақыты арасындағы кезеңге есептелген пайыздарды қамтуға тиiс. Өтемақы инвестиция жүзеге асырылған валютада немесе инвестордың келісімiмен кез келген басқа валютада төленедi. Өтемақы шетелге шектеусiз түрде және себепсiз кешеуiлдетпей аударуға жатады.
Екiншi Уағдаласушы Тарап өз аумағында соғыс немесе басқа да әскери шиеленiс, төтенше жағдай, азаматтық қақтығыстар немесе сондай жағдайлар нәтижесiнде инвестицияларына зиян шектiрiлген Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң инвесторларына жоғарыда аталған жағдайларда шеккен зиянының орнын толтыру кезiнде өздерiнiң инвесторына немесе үшiншi бiр елдердiң инвесторларына қатысты қолданылатын режимнен кем болмайтын қолайлы режим жасалады.
6-бап. Инвестицияларға байланысты төлемдердi аудару
1. Уағдаласушы Тараптар инвестицияларға байланысты барлық қаржы аударымдарды Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдары белгiлеген, онда: - еркін аударым құқығының бұзылмауын ескере отырып, осындай аударымдарды ресiмдеу ережелерi; - аударылатын сомалардан алынатын салықтарды, алымдарды ұстау; - кредиторлардың заңды құқықтарын қорғау немесе сот қарауы барысында шығарылған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету көзделген рәсiмге сәйкес еркiн түрде және себепсiз кешеуiлдетпей жүзеге асырылатынына кепiлдiк бередi. Осы бапта көрсетiлген рәсiм әдiл және кемсiтушiлiксiз түрде жүргiзiлуге тиiс. Осы Келісімде аударымдар мыналарды: - бастапқы инвестицияланатын қаржыны, сондай-ақ инвестицияларды қолдауға немесе кеңейтуге пайдаланылатын кез келген шетелдiк қосымша қаржыны; - пайданы; - осы Келісімнiң 4-бабына сәйкес өтемақыны; - инвестициялық дауды шешу кезiнде туындайтын төлемдердi; - кредиттiк келісімдерге сәйкес төлемдердi, сондай-ақ кредиттiк келісімдерге сәйкес төлемдердi, сондай-ақ зиялылық және өнеркәсiптiк меншiк құқықтарына байланысты сыйақыларды, басқару, техникалық және сервистiк қызмет көрсету туралы келісімдер бойынша төлемдi; - осы Келісімнiң 5-бабына сәйкес шығынды жабудағы төлемдердi; - инвестицияларға байланысты қызметтi жүзеге асыратын екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң жеке тұлғалары үшiн тұрақты негiзде еңбегiне төленетiн ақыны; - инвестицияның бiр бөлiгiн немесе барлығын сатудан немесе жоюдан түскен табысты қамтиды, алайда, мұндай жағдайда түскен табыс құзыреттi органның рұқсаты бойынша ғана еркiн аударылатын болуы тиiс. 2. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарымен белгiленген салықтар мен алымдарды төлеу шарттарын және Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң валюта заңдарының нормаларын сақтау жағдайда аударымдар аударым жасалған күнi қолданылатын бағам бойынша еркiн айналыстағы валютамен, себепсiз кешеуiлдетпей жүзеге асырылатын болады. «Себепсiз кешеуiлдетпей» аударым жасау деп аударымға байланысты ресми әрекеттердi орындауға оңтайлы түрде талап етiлетiн уақыт iшiнде жасалған аударым есептелетiн болады.
7-бап. Қолайлылығы көбiрек режим принципi
Егер Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарына немесе Уағдаласушы Тараптардың арасында туындаған жағдайларда халықаралық заңдарға сәйкес екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларға қатысты жалпы немесе егжей-тегжейлi түрде осы Келісімде көзделгеннен тиімдірек режимді қарастыратын қосымша реттеулер бар болса, онда мұндай реттеулер олардың тиiмдiрек көлемiнде осы Келісіммен салыстырғанда басымдыққа ие болады.
1. Егер Уағдаласушы Тарап немесе ол өкiлеттiк берген қандай да бiр институт инвестицияға байланысты жасалған кепiлдiктердiң немесе сақтандырудың шеңберiнде өз мемлекетiнiң инвесторларының кез келгенiне төлемдер жүргiзетiн болса, екiншi Уағдаласушы Тарапқа немесе оның институтына инвесторға тиесiлi кез келген құқықтардың немесе талаптардың берiлгенiн танитын болады. Инвестордың құқықтары берiлген Уағдаласушы Тараптың немесе оның қайсы бiр институтының инвестор ие болған және инвестордың осындай түрде сақтандырылған инвестицияларға байланысты мiндеттемелерiн ескертумен, сол құқықтардың сондай көлемдегi талаптарына құқы болады. 2. Осы Баптың 1-тармағында белгiленген суброгация болған жағдайда инвестор, егер оған Уағдаласушы Тарап немесе оның кез келген институты өкiлеттiк берген болмаса, талап қоя алмайды.
9-бап. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы даулар
1. Осы Келісім ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптардың арасындағы даулар дипломатиялық арналар арқылы шешiлетiн болады. 2. Егер Уағдаласушы Тараптар дау пайда болған күннен бастап алты ай iшiнде келісімге келе алмаса, дау Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша құрамында үш мүшесi бар Төрелiк сотқа тапсырылатын болады. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы бiр төрешiден тағайындайды, ал тағайындалған төрешiлер екi Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттерiмен дипломатиялық қарым-қатынастарды қолдайтын үшiншi мемлекеттiң азаматы болып табылатын төрағаны сайлайды. 3. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi төрешiнi тағайындамаса және екiншi Уағдаласушы Тараптың екi ай iшiнде осындай тағайындауды жүргiзу үшiн шақыруымен келiспесе, төрешiнi осы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшiмен Гаага қаласындағы БҰҰ Халықаралық сотының Президентi тағайындайды. 4. Егер екi төрешi өздерi тағайындалған күннен бастап екi ай iшiнде төрағаны сайлауға қатысты келісімге келе алмаса, оны Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша Халықаралық сот Президентi тағайындайды. 5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында аталған жағдайларда халықаралық Сот Президентi аталған функцияларды орындай алмаса немесе егер ол Уағдаласушы Тараптардың бiр мемлекетiнiң азаматы болып табылса, онда мұндай тағайындауды Вице-Президент жүргiзетiн болады, ал егер ол да тиiстi функцияларды орындай алмаса немесе Уағдаласушы Тараптардың бiр мемлекетiнiң азаматы болып табылса, онда тағайындауды Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекетiнiң бiрде-бiрiнiң азаматы болып табылмайтын, Халықаралық Сот судьяларының дәрежесi бойынша ең жоғары тұрғаны жүргiзетiн болады. 6. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы басқа қаулыларды бұзбай отырып, Төрелiк сот ресiмнiң өз ережелерiн белгiлейдi. Төрелiк сот шешiмдi көпшiлiк дауыспен шығарады. 7. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы соттағы өз мүшесiн ұстауға кететiн шығынды мойнына алады, сондай-ақ төрелiк рәсiмдегi өз үйлесiне сәйкес; төрағаны ұстауға кететiн шығын мен басқа да шығынды Уағдаласушы Тараптар теңдей бөлiктерде өтейдi. Бiрақ сот өз шешiмiн Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң көбiрек қатысуын белгiлей алады және мұндай шешiм елi Уағдаласушы Тарапты мiндеттейдi. 8. Сот шешiмдерi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы үшiн соңғы және мiндеттi болып табылады.
10-бап. Уағдаласушы Тарап пен екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетінің
1. Уағдаласушы Тарап пен екiншi Уағдаласушы Тарап Мемлекетi инвесторының арасындағы инвестицияларға қатысты дауды шешу мақсатымен мүдделi тараптардың арасында келiссөздер жүргiзiлетін болады. 2. Егер келiссөздер оларды бастау туралы жазбаша ұсыныс жасалған күннен бастап алты ай iшiнде шешiммен аяқталмаса, дау тараптары төмендегiдей түрде іс-әрекет жасай алады: а) егер дау осы Келісімнiң 4, 5, 6-баптарындағы мiндеттемелерге қатысты болса, ол инвестордың өтiнiшi бойынша төрелiк соттың шешуiне тапсырылады; б) осы баптың 2-тармағының а) тармақшасында аталмаған дау екi тараптың келісімi бойынша төрелiк соттың қарауына берiледi. 3. Төрелiк сот әрбiр жеке іс үшiн құрылатын болады. Егер дауға қатысушы Тараптар өзгесiн келiспеген болса, олардың әрқайсысы бiр төрешiден тағайындайды. Тағайындалған төрешiлер үшiншi мемлекеттiң азаматы болып табылатын төрағаны сайлайды. Төрешiлер дау төрелiк соттың қарауына тапсырылған күннен бастап екi ай iшiнде, ал төраға келесi екi ай iшiнде тағайындалуға тиiс. 4. Осы баптың 3-тармағында аталған мерзiмдер орындалмаған болса, дау тараптарының кез келгенi басқа уағдаластықтары болмағанда, қажеттi тағайындауларды жүргiзу жөнiнде Париждегi Халықаралық Сауда Палатасының жанындағы Төрелiк соттың Төрағасына өтiнiш жасай алады. Егер төраға аталған функцияны орындай алмаса немесе Уағдаласушы Тарап Мемлекетiнiң азаматы болып табылса, осы Келісімнiң 9-бабындағы 5-тармақтың ұқсас ережелерi қолданылатын болады. 5. Егер Тараптар өзгеше түрде келiспеген болса, Төрелiк сот рәсiмдiк өз ережелерiн белгiлейдi. Шешiмдер соңғы және мiндеттi болып табылады. Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы төрелiк шешiмдердi тануды және орындауды қамтамасыз етедi. 6. Дау тараптарының әрқайсысы соттағы өз мүшесiн ұстау жөніндегі шығынды мойнына алады және төрелiк рәсiмдегi өз үлесiне сәйкес: төрағаны ұстауға кететiн шығын мен басқа да шығынды олар дау тараптары ретiнде теңдей бөлiкте мойындарына алады. Бiрақ сот өз шешiмiмен тараптардың бiрiнiң мойнына алған шығынын бөлудiң басқа мөлшерiн белгiлей алады және бұл шешiм екi тарап үшiн мiндеттi болады. 7. Даудың тарабы болып табылатын Уағдаласушы Тарап аралық рәсiмінiң немесе сот шешiмiн орындаудың кез келген сатысында сақтандыру шартының нәтижесiнде инвесторға келтiрiлген шығынның бәрiн немесе бiр бөлiгiн қамтитын өтемақыны оның алған фактiсiне сiлтеме жасай алмайды. 8. Егер екi Уағдаласушы Тарап мемлекеттерi 1965 жылғы 18 наурыздағы «Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестицияларға қатысты дауларды шешу туралы» Вашингтон Конвенциясының тараптарына айналса, даулар Инвестициялар жөніндегі дауларды шешетiн халықаралық орталыққа келесi түрде жiберiлетiн болады: инвестордың талап етуi бойынша осы баптың 2-тармағының а) тармақшасында аталған даулар, ал осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында аталған даулар Уағдаласушы Тараптардың екi жақты келiсуiмен жiберiледi.
1. Осы Келісім бекітілуге жатады және бекітілгенi туралы соңғы жазбаша хабарландыруды жіберген күннен кейiн күшiне енедi. 2. Осы Келісім күшiне енген соң 10 (он) жыл ішiнде қолданыста болады және осы баптың 6-тармағына сәйкес оның қолданысы тоқтатылғанға дейiн күшiнде қалады. 3. Осы Келісім ережелерiнiң күшi ол күшiне енген сәттен бастап 1991 жылғы 16-желтоқсанда жүзеге асырылған инвестицияларға жүредi. 4. Осы Келісімнiң қолданысын тоқтатқанға дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты осы Келісімнiң барлық алдыңғы баптарының ережелерi оның қолданысын тоқтатқан күннен бастап 10 (он) жыл ішiнде күшiнде қала бередi. 5. Осы Келісімге Уағдаласушы Тараптардың арасындағы жазбаша келісім бойынша түзетулер енгiзiлуі мүмкiн. Кез келген түзету, егер Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарапқа осындай түзетудiң күшiне енуiне кедергi келтiретiн барлық формальдылықтарын реттегенi туралы хабар берген болса күшiне енуге тиiс болады. 6. Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарапқа алдыңғы тоғыз жыл өткен соң кейiнгi кез келген уақытта осы Келісімнiң қолданысын тоқтататыны туралы қолданыс мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлай алады. 7. Осыны куәландыру үшiн, бiз, тиiстi түрде өкiлеттiк берiлген өкiлдер, осы Келісімге қол қойдық.
Душанбе қаласында, 1999 жылғы 16 желтоқсанда екі түпнұсқа данада, қазақ, тәжік, орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары пайда болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар Келісімнің орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |