Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чили Республикасының Үкіметі арасындағы дипломаттық, ресми және қызметтік
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1464 Қаулысымен бекітілді
2015 жылғы 23 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чили Республикасының Үкіметі екіжақты қатынастарды дамытуға жәрдемдесуге тілек білдіре отырып, қазіргі достық қатынастарды нығайтуға мүдделікті ескере отырып және бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына сапарларын жеңілдету мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
1. Жарамды дипломаттық және қызметтік паспорттары бар және екінші Тарап мемлекетінің аумағында аккредиттелмеген Қазақстан Республикасының азаматтары Чили Республикасының аумағына келу, транзитпен өту және одан кету үшін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады. 2. Жарамды дипломаттық және ресми паспорттары бар және екінші Тарап мемлекетінің аумағында аккредиттелмеген Чили Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келу, транзитпен өту және одан кету үшін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады.
Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген адамдардың болу мерзімін ұзартуды аккредиттелген мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің жазбаша өтініші негізінде болу мемлекетінің құзыретті органдары жүзеге асырады.
Кез келген Тарап мемлекетінің азаматтары, дипломатиялық немесе консулдық мекеменің қызметкері ретінде екінші Тарап мемлекетінің аумағында қызметтік сапармен жүрген жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ олардың дипломаттық, ресми және қызметтік паспорттары бар отбасы мүшелері, олардың өкілеттігі кезеңі ішінде басқа Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, онда бола алады және одан кете алады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|