«Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығымен 2019 ж. 11 сәуірден бастап күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6276 тіркелген, 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 233 (26294) «Казахстанская правда», 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесінде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. ТК мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу, жобалық-құрастырылымдық және технологиялық институттардың, құрастырылымдық бюролардың және ұйымдардың, өндірушілер мен тұтынушылардың, қауымдастықтардың (олар ТК қызметі саласында құрылған жағдайда), сондай басқа мүдделі тараптардың өкілдерінен тұрады.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. ТК құрамы мүдделі тараптардың өкілдерінің тең санын есепке ала отырып құрылады.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген ТК мүшелері ТК Төрағасының келісімімен уәкілетті органға берілген жазбаша өтініш негізінде ТК құрамына кіреді және құрамынан шығады. Өтінішті қарастыру мерзімі берілген күннен бастап бір айдан аспауы керек.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|