|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 19 тамыздағы № 1199 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы тарихи қалыптасқан ғылыми-техникалық байланыстарды ескере отырып, екi ел арасындағы ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайтуды, сөйтiп екi елдiң экономикалық және әлеуметтiк дамуына үлес қосуды қалай отырып, ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы бұрын қол қойылған келісімдердi басшылыққа ала отырып, оның iшiнде: 1995 жылғы 3 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiгiн құру туралы келісім; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 17 қаңтардағы мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім арқылы Төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
Тараптар тең құқықтық және өзара тиiмдi принциптер негiзiнде ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдеседi, оған тиiстi ұйымдық, құқықтық және қаржы-экономикалық жағдайлар жасайды.
Осы Келісім аясындағы ынтымақтастық екi елдiң заңдары мен Тараптар жасасқан шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бiрлескен ғылыми-техникалық жұмыстардың бастамашылары министрлiктер мен басқа да орталық басқару органдары, ғылыми ұйымдар, әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындар, жоғары оқу орындары, екi ел ғалымдары болуы мүмкiн. Ынтымақтастықтың мазмұны, оның экономикалық және ұйымдастыру жағдайлары тiкелей Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының ынтымақтас ұйымдары арасында жеке келісімдер, шарттар және контрактыларға сүйене отырып келісіледi.
Ынтымақтастық мына нысандарда iске асырылады: екi елдiң ғылыми-техникалық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру жөнiнде консультациялар өткізу; бiрлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын орындау; бiрiккен ғылыми-зерттеу ұйымдарын құру, бiрлескен уақытша ғылыми ұжымдар, сондай-ақ жаңа техника мен технологияны игерудi қамтамасыз ететiн инновациялық кәсiпорындар ұйымдастыру; екiншi Жақтың ғылыми-зерттеу мекемелерiнде жоғары оқу орындарында, технопарктерiнде, өнеркәсiп кәсiпорындарында, бiрлескен далалық зерттеулер мен экспедицияларды қоса алғанда ғылыми жұмыстар жүргiзу; Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасында орындалып жатқан ғылыми-техникалық әзiрлемелерге өзге Жақтың ғалымдары мен мамандарының қатысуы; бiрлескен семинарлар, ғылыми конференциялар, жұмыс бойынша кездесулер мен көрмелер өткізу. Ынтымақтастық басқа да өзара келісілген нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тараптар екi елдiң де ғалымдарын бiрегей және жаңа эксперименталды құрал жабдықтарды пайдалануға, сондай-ақ оны дайындау, шығару және сатып алуға бiрлесуге қол жеткізудi қамтамасыз етуге көмектеседi.
Ғалымдар мен мамандар екi ел аумағында болғанда да Тараптар қолайлы жағдайлар туғызуға, бiрлескен зерттеулер және әзiрлемелердi орындауда ғылыми-техникалық құжаттамамен, ғылыми құралдар мен жабдықтар алмасуға мүмкiндiк жасайды.
Тараптар ғылыми-техникалық ақпарат саласында ынтымақтастықты дамытады, ғылыми-техникалық және ғылыми-көпшiлiк әдебиетпен алмасуға қолғабыс етедi.
Ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн үшiншi елдер мен халықаралық ұйымдардан ұйымдар, мекемелер, ғалымдар, мамандар және сарапшылар шақырылуы мүмкiн.
Нәтижесi түгелдей не жарым-жартылай мемлекеттік құпия болып саналатын, болмаса тараптардың бiрiнiң мемлекеттік құпиясынан тұратын мәлiметтер пайдаланылған бiрлескен зерттеулер мен әзiрлемелердi жүргiзуде Тараптар осы елдердiң әрқайсысының қолданылып жүрген ұлттық заңдарын, сондай-ақ мемлекетаралық құпияларды сақтауды өзара қамтамасыз ету туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Келісімдi басшылыққа алады.
Бiрлескен зерттеулер мен әзiрлемелердi үйлестiру, сондай-ақ осы Келісімдi тиiмдi түрде iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-беларусь комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құрады, оны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінiң, сондай-ақ Беларусь Республикасының Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң басшылары басқарады. Комиссия шеңберінде екi елдiң мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатының, осы саладағы экономикалық және құқықтық реттеудiң мәселелерi бойынша консультациялар өткiзiлетін болады, сондай-ақ екi жақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын келiсу жүзеге асырылатын болады. Комиссия оралымдылық пен тиiмдiлiк талаптарына сай келетiн ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлi ұйымдық үлгiлерiн пайдалана алады. Комиссия өз мәжілістерiн жылына бiр рет Қазақстан мен Беларусьте кезекпе-кезек өткiзiп отырады. Комиссия өз қызметiн ұйымдастыру үшiн тиiстi ереже әзiрлеп, оны бекiтедi.
Осы Келісім тараптар жасасқан өзге халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерін қозғамайды.
Өзара уағдаластық бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін, олар осы Келісiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамалармен рәсiмделедi.
Осы Келісімдi қолдану мен түсiндiруге байланысты даулы мәселелер консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi.
Осы Келісім Тараптар жағынан қажеттi iшкi мемлекеттік процедуралардың орындалуы жөнiнде соңғы хабарламаны алған соң күшiне енедi. Осы Келісім бес жыл бойы қолданыста болады және Тараптардың бiрде бiрi екiншi Тарапты осы Келісім қолданысының тиiстi мерзiмi аяқталғанға дейiн алты ай бұрын осы Келісімнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа хабарламаған жағдайда аталған мерзiм өтiсiмен өздiгiнен келесi бес жылға ұзартылады. Осы Келісімнiң қолданысын тоқтату оған сәйкес iске асырылатын жобалардың жүзеге асырылуына ықпал етпейдi.
Минск қаласында 1999 жылғы маусымның 3 күнiнде әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келісімнің ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаса орыс тiліндегі мәтiн негiзге алынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |