Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдарға шетелдік мамандарды тарту жөніндегі 2013 - 2018 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдарға шетелдік мамандарды тарту жөніндегі 2013 - 2018 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын, 30 қаңтарға және 30 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін. 4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
Премьер-Министрінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 133-ө өкімімен бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдарға шетелдік мамандарды тарту жөніндегі 2013 - 2018 жылдарға арналған жоспар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|