«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2010 ж. № 6, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін: Мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтыру: «1-1. Амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға арналған ұсыныс сипатында және оны медициналық ұйымның бірінші басшысы медициналық қызметтердің қажеттілігіне қарай жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша бекітеді»; «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері» деген 13-қосымшада: «Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі» деген 4.3-параграфының 88-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|