«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде: «Орталық аппараттың функциялары:» деген бөлікте: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) экономиканың және республика халқының тасымалдауларға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына және олармен байланысты қызметтерге қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;»; 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «24) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу тәртібін әзірлеу;»; 37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «37) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісім бойынша теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін айқындау;»; 41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «41) тасымалдаушының және Ұлттық инфрақұрылым операторының қарамағындағы әскерилендірілген күзетке жататын темір жол көлігі объектілерінің тізбесін әзірлеу;»; 47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «47) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі бойынша бағдарламаны әзірлеу;»; 53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|