Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі
1. Осы Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 43-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастырудың және пайдаланудың мақсатын, тәртібін белгілейді. 2. Мемлекеттік тізілім Заң талаптарына жауап беретін сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелері (бұдан әрі - әдістемелер) туралы мәліметтерді қамтиды. 3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), процеске өзге қатысушыларды, сондай-ақ сот сарапшыларын әдістемелер туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.
2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|