«Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарындағы трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы» республикалық конференцияны өткізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Трансфузиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ТҒӨО) директоры Ж.Қ. Бүркітбаев Алматы қаласының «Республикалық қан орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның базасында 2013 жылғы 23-24 қыркүйек аралығында «Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарындағы трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы» республикалық конференцияны (бұдан әрі - Республикалық конференция) өткізуді қамтамасыз етсін. 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Республикалық конференция бағдарламасы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қатысушылардың тізімі бекітілсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (келісімі бойынша), ТҒӨО, облыстық және Алматы қаласының қан орталықтарының басшылары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Республикалық конференцияға қатысушыларды іссапарға жіберсін. 4. Республикалық конференция қатысушыларының іссапар шығыстары Орта Азия өңіріндегі аурулардың алдын алу және бақылау орталығы грантының есебіне жатқызылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 522 бұйрығына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|