(№ 39258 операция)
2009 жылғы 30 наурыздағы
ҚР 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 157-V Заңымен ратификацияланды
Осы 2013 жылғы 11 шілдедегі Қосымша Келісім («осы Келісім») ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») (бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын) арасында жасалады. МЫНАЛАРДЫ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП: (A) Қарыз алушы Банкпен 2009 жылғы 30 наурыздағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасы («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) («Бастапқы Келісім») жасасты, оған сәйкес Банк Бастапқы Келісім ережелері сақталған кезде және оларға сәйкес бұдан әрі Бастапқы Келісімде («Бастапқы Жоба») сипатталғандай, «Оңтүстік - Батыс» жол дәлізі жобасының мақсаттары үшін Қарыз алушыға 180,000,000 АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қарыз («Қарыз») беруге келісті. (B) 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қарыз алушы мен Банк арасындағы Қарыз туралы келісімде («Шымкент - Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) («Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісім») соңғысы «Шымкент - Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялауды («Ш-Т Жол Жобасы») қаржыландыру үшін Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісім ережелері сақталған кезде және оларға сәйкес Қарыз алушыға 142,000,000 АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қарыз беруге келісті. (C) Қарыз алушы Бастапқы Жоба шеңберінде үнемдеу нәтижесінде туындаған Қарыздың пайдаланылмаған бөлігін (54,500,000 АҚШ доллары сомасында) Ш-Т Жол Жобасын қаржыландыру үшін қайта бөлу өтінішімен Банкке жүгінді. (D) Стандартты ережелер мен шарттардың 10.03-бөлімінде (Түзетулер) көзделгендей (Бастапқы Келісімде анықталғандай), Қарыз алушы мен Банк осы Келісім ережелерінің негізінде және олар сақталған кезде белгілі бір аспектілерде Бастапқы Келісімге түзетулер енгізуге ниет білдірді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|