Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1130 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы ғылым
Бұдан әрі «Тараптар» аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі, Тараптар мемлекеттері арасындағы ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниет және өзара мүдделілік білдіре отырып, бірлескен жобаларды, ғылыми алмасуларды жүзеге асыру Тараптар мемлекеттері арасындағы достықтың нығаюына ықпал ететініне сенім білдіре отырып, 1993 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Бағдарламаны іске асыру мақсатында Тараптар 2013 - 2015 жылдар кезеңіне Қазақстан-Үндістан ғылыми-технологиялық ынтымақтастығы комитетін (бұдан әрі - Комитет) құрады. Комитет отырысы қажет болған жағдайда Қазақстан мен Үндістанда кезекпен өзара келісім бойынша өткізіледі. Комитет құрамына ғалымдар, зерттеушілер, сарапшылар, технологтар және Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері кіреді.
Тараптар осы Бағдарлама шеңберінде ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады: 1) қысқа және ұзақ мерзімді сапарлар барысында ғалымдармен/ зерттеушілермен/ сарапшылармен/ технологтармен (бұдан әрі - мамандармен) алмасу; 2) ақпарат алмасу және жаңа әзірлемелермен танысу және халықаралық ғылыми конференциялар мен көрмелерге қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; 3) мамандардың бірлескен ғылыми жобалармен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету; 4) 2013-2015 жылдар ішінде өзара жұмыс сапарларын өткізуді қамтамасыз ету; 5) мамандар үшін оқыту тренингтері мен семинарларын өткізуді қамтамасыз ету.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|