Қазақстан Республикасының Укiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкіметi арасындағы
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 613 Қаулысымен бекітілді
Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Әзербайжан Республикасының Үкіметi, 1996 жылғы 16 қыркүйектегi Каспий теңiзiнiң мәселелерi жөнiндегі Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев пен Әзербайжан Республикасының Президентi Г.А.Алиевтiң Бiрлескен Мәлiмдемесiнiң, 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Ынтымақтастықты одан әрi дамыту және тереңдету туралы бiрлескен декларацияның, 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Халықаралық рыноктарға мұнайды тасымалдаудағы ынтымақтастық туралы меморандумның ережелерiн, сондай-ақ басқа да екi жақты құжаттарды басшылыққа ала отырып, мемлекетаралық интеграция экономикалық дамудың аса маңызды элементтерiнiң бiрi болып табылатынын есепке ала отырып, еңбектi халықаралық бөлiсудiң, өндiрiстi мамандандырудың және кооперациялаудың, өз елдерiнің әлеуметтiк-экономикалық дамуының мақсаттарына қол жеткiзу үшін өзара пайдалы сауданың артықшылықтарын пайдалана отырып, тең құқықты әрi өзара пайдалы сауда-экономикалық және өндiрiстiк қарым-қатынастарды одан әрi нығайту және дамыту, оларға ұзақ мерзiмдi және тұрақты сипат беру, екi мемлекеттiң экономикалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану және олардың халқының әл-ауқатын көтеру қажеттілiгiне сүйене отырып, өз мемлекеттерiнiң өндiрiстiк және интеллектуалдық әлеуетi өзара тиiмдi пайдалану қажеттiлiгiн растай отырып, экономикалық реформаларды жүзеге асыруды үйлестiруге, тауарлардың, қызмет көрсетулердiң, капиталдардың және жұмыс күшiнiң еркiн ауыспалылығына кезең-кезеңмен көшу үшiн жағдайлар жасауға зор маңыз бере отырып, жан-жақты ынтымақтастықты одан әрi тереңдетуге ұмтыла отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|