Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің
ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 18 қазандағы № 1336 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі, достық пен өзара түсіністік қарым-қатынастарын нығайтуға тілек білдіре отырып, құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылып, Тараптар мемлекеттерінің заңдары туралы өзара ақпараттандыруды жақсарту жөніндегі қатынастарды дамыту қажеттілігін жете түсіне отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар мемлекетаралық алмасуға жататын, жариялауға ашық Нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде (қоса беріліп отыр) белгіленген мәселелер бойынша құқықтық актілермен екі жақты ақпараттық алмасу қажеттілігін таниды. Жоғарыда көрсетілген тізбе Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Құпияны ұсынатын Тараптың мемлекеттік және өзге де заңмен қорғалатын ақпаратын қоспағанда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа нормативтік құқықтық актілер туралы сұрау салынатын ақпаратты беруге міндеттенеді. Ынтымақтастық барысында Тараптардың бірінен алынған ақпарат осы ақпаратты беретін Тараптың келісімі болған жағдайда ғана үшінші Тарапқа берілуі мүмкін. Ынтымақтастық барысында алынған ақпарат Тараптар мемлекеттерінің мүдделеріне зиян келтіре отырып пайдаланылуы мүмкін емес.
Тараптар, ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық ақпаратпен алмасу үшін өздерінің эталондық мәліметтер базасын ұйымдастырады.
Құқықтық ақпаратпен алмасу жүйесін құру жөнінде келісілген шараларды жүзеге асыра отырып, Тараптар тиісінше: - ақпаратты пайдаланушы-субъектілердің тізбесін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|