|
|
|
1999 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы
Заемның нөмірі 4437 KZ
ҚР 1999 жылғы 20 шілдедегі № 446-I Заңымен ратификацияланды
Қазақстан Республикасы («Заемшы») мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі («Банк») арасындағы 1999 жылғы 16 сәуірдегі Келісім. (А) Заемшының сипаттамасы осы Келісімнің 2-қосымшасында келтірілген Жобаның жүзеге асырылатындығына және басымдылығына көзі жеткендігін, Банкке Жобаны қаржыландыруға көмек көрсету туралы өтініш жасағанын Назарға ала отырып; және (В) Банк Заемшыға осы Келісімде жазылған шарттар мен ережелерде, атап айтқанда жоғарыда аталғанның негізінде Заемшыға заем беруге келісім бергендігін Назарға ала отырып; Тараптар жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, төмендегі туралы келіседі:
Жалпы шарттар; Анықтамалар
Банктің 1995 жылғы 30 мамырдағы «Заем туралы келісімдерге қолданылатын жалпы шарттар және заем бойынша бірыңғай валютада кепілдіктер беруі» (1997 жылғы 2 желтоқсанға дейін енгізілген түзетулерімен) (жалпы шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Анықтамасы Жалпы шарттарда және осы Келісімге Кіріспе тарауда берілетін кейбір терминдердің контексте өзгеше ұғынылатын жағдайларын қоспағанда, осында жазылған тиісті мәндері бар және мынадай қосымша терминдері мынадай мәндерге ие: (а) «ИЖБ» Заемшының РМЖК-ның құрамында құрған Инвестициялық жобаларын басқаруды білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды; (b) «АЖД» Заемшының ККМ-ның құрамында құрған Автомобиль жолдары департаментін білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды; (с) «АЖКД» Заемшының ККМ-ның құрамындағы Автомобиль жол көлігі департаментін білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды; (d) «ҚМ» Заемшының Қаржы министрлігін білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды; (e) «ККМ» Заемшының Көлік және коммуникациялар министрлігін білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды; (f) «ЖЖТ» осы Келісімге 5-қосымшаның 2-тармағында айтылатын Жобаны жүзеге асыру жөніндегі топты білдіреді; (q) «Жобаны әзірлеуге арналған несие» 1996 жылғы 27 қыркүйекте Банк қол қойған және Заемшының 1996 жылғы 18 қарашадағы қолымен бекітілген хат алмасуларына және 1998 жылғы 23 қыркүйекте Банк қол қойған және 1998 жылғы 23 желтоқсанда Заемшының қолымен бекітілген хат алмасуына сәйкес Банктің Заемшыға беретін Жобаны әзірлеуге арналған несиесін білдіреді; (h) «РМЖК» Заемшының Республикалық мемлекеттік жол кәсіпорнын білдіреді және оның кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды; (i) «Арнаулы шот» осы Келісімнің 2.02 (b) бөлімінде айтылатын шотты білдіреді; (j) «ЖТ» осы Келісімге 5-қосымшаның 3-тармағында айтылатын Жұмыс тобын білдіреді, ол кез келген құқықтық мұрагерін немесе құқықтық мұрагерлерін қамтиды.
Заем
Банк Заемшыға жазылған шарттар мен ережелерде, немесе бұл туралы Заем беру туралы келісімде айтылатын жүз миллион АҚШ долларына тең соманы (100.000 000 АҚШ доллары) беруге келісім береді.
(a) Заем сомасы Заем беру туралы осы Келісімнің 1-қосымшасының ережелеріне сәйкес Жобаны жүзеге асыру үшін қажет осы Келісімнің 2-қосымшасында сипатталған оны қаржыландыру заемдық қаражаттан жүргізілетін тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге шеккен шығыстары үшін (немесе Банктің келісімі бойынша - алдағы шығыстар үшін), сондай-ақ Заем бойынша проценттер мен өзге де төлемдерге қатысты несие шотынан алынуы мүмкін. (b) Заемшы Жобаның мақсаты үшін - есептесуден, мүлікті тұтқындаудан немесе оны борыш үшін ұстап қалудан тиісті қорғануды қоса алғанда Банк үшін қолданымды шарттар мен ережелерде, коммерциялық банкте АҚШ долларында арнаулы депозит шотын ашып, оны жүргізе алады. Арнаулы шотқа салымдар мен одан төлемдер төлеу осы Келісімге 6-қосымшаның ережелеріне сәйкес жүргізіледі. (c) Банк Заемды орналастыру басталған күннен кейін бірден Заемшының атынан Жобаны әзірлеуге арналған, белгілі бір күнде алынған және төленбеген негізгі соманы өтеу үшін және ол бойынша барлық төленбеген алымдарды төлеу үшін қажетті соманы несие шотынан алады және оны өзіне өзі төлейді. Бұдан соң Жобаны әзірлеуге арналған несиенің рұқсат етілген сомасының алынбаған қалдығы жойылады.
Жабу күні 2004 жылдың 31 желтоқсаны болып табылады немесе одан анағұрлым кеш мерзімді Банк белгілейді. Банк осы анағұрлым кеш мерзім туралы дереу Заемшыны құлақтандырады.
Заемшы Банкке Заем сомасының бір процентіне (1%) тең сомада комиссиялық алым төлейді. Заемның орналастырылған күнінің басында немесе бірден содан кейін Банк Заемшының атынан жоғарыда аталған алымның сомасын несие шотынан алады және өзіне өзі төлейді.
Заемшы Банкке Заемның негізгі сомасы бойынша жылына ұдайы алынбайтын бір проценттің төрттен үшін құрайтын (3/4 1%) ставка бойынша кредит беру міндеттемесі үшін комиссиялық алым төлейді.
(a) Заемшы Заемның негізгі сомасы бойынша әрбір проценттік кезең үшін евровалютада берілетін қысқа мерзімді кредиттер бойынша Базистік Лондон банкаралық ставкасына тең ставка бойынша мерзім сайын алынатын және төленбейтін проценттерді және бұған қоса Лондон банкаралық ставкасымен айырманы төлейді. (b) Осы бөлімде: (i) «Проценттік кезең» осы Келісім, күшіне енген күнінен бастап проценттерді төлеудің бірінші кезеңіне дейінгі бастапқы кезеңді, және бастапқы кезеңнен кейін - проценттерді төлеудің келесі датасын қоса алғанда, проценттерді төлеу күнінен бастап, бірақ ол қосылмайтын әрбір кезеңді білдіреді. (ii) «Проценттерді төлеудің датасы» осы Келісімнің 2.07-бөлімінде көрсетілген кез келген датаны білдіреді. (iii) «Валюталық мәмілелердің Лондондық банкаралық рыногының базистік ставкасы» әрбір проценттік кезеңге қатысты АҚШ долларындағы жартыжылдық депозиттер бойынша, белгіленген проценттік кезеңнің бірінші күніндегі бағалау бойынша (немесе, бастапқы проценттік кезең жағдайында, проценттерді төлеу күніндегі немесе айқындалған проценттік кезеңнің бірінші күнінен кейінгі күндегі бағалау бойынша) валюталық мәмілелердің Лондондық банкаралық рыногы ұсынатын және Банк белгілеген және жыл сайынғы проценттік аударымдар ретіндегі ставканы білдіреді. (iv) «Лондондық банкаралық рыноктың проценттік ставкаларының арасындағы айырма» әрбір проценттік кезеңге қатысты мыналарды білдіреді: (A) бір проценттің төрттен үші (1%-тен 3/4); (B) төленбеген банктік Заемдарға қатысты немесе Лондондық банкаралық валюталық мәмілелер рыногы ұсынатын ставкалардан төмен (немесе жоғары) болып бір проценттік кеден немесе Банктің заемдарды қаржыландыру үшін бірыңғай валютада бөлетін олардың үлестеріне немесе Заемды қамтитын олардың үлестеріне қатысты жартыжылдық депозиттер бойынша өзге де бақылаулық ставкалар үшін; Банк белгілеген және жыл сайынғы проценттік аударымдар ретіндегі минус (немесе плюс) орташа есептелген маржа; (C) Банк Заемшының назарына Лондондық банкаралық рыноктың Базистік ставкасы және оларды айқындаған соң бірден әрбір проценттік кезең үшін Лондондық банкаралық рыноктың ставкаларының арасындағы Айырмалар туралы ақпаратты жеткізуі тиіс. (D) Осы 2.06-бөлімде айтылатын проценттік ставкаларды айқындауға ықпал ететін нарықтық практикадағы өзгерістер тұрғысында әрбір ретте Банк тұтастай алғанда өзінің Заемшыларының және Банктің мүдделері үшін белгілейді және жоғарыда аталған Бөлімде берілгеннен ерекшелігі бар заемға қолданылатын проценттік ставкаларды айқындау үшін қолданылатын негізгі құлақтандырмаса, Банк заемға қолданылатын проценттік ставкаларды айқындау үшін Заемшыны жаңа негіз туралы алты айдан (6) кешіктірмей құлақтандырып, негізді өзгерте алады. Негіз егер Заемшы Банкке жоғарыда аталған уақыт аралығының ішінде мұндай негізге өзінің қарсы екендігі туралы наразылығын негізді құлақтандыру үшін мерзімнің өтуі бойынша қолдануға ие болады, онда жоғарыда аталған өзгеріс Заемға қолданылмайды.
Проценттер мен өзге де алымдар жарты жылда 15 наурызда және әрбір жылы 15 қыркүйекте бір рет төленуге жатады.
Заемшы заемның негізгі сомасын заемды өтеудің осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген кестесіне сәйкес бөліп-бөліп өтейді.
Жобаны атқару
(а) Заемшы осы Келісімнің 2-қосымшасында жазылған Жобаның міндеттері бойынша өзінің міндеттемелері туралы хабарлайды және Жобаның А, В, С және Е тарауларын ИЖБ және ЖЖТ арқылы, Жобаның D тарауын ЖТ арқылы, әкімшілік, қаржы, инженерлік, қоршаған ортаны қорғауға және техникалық практикаға сәйкестікте орындайды және қажет болуына қарай Жоба үшін керек құралдармен, объектілермен, қызмет көрсетулермен және өзге де ресурстармен қамтамасыз етеді. (b) Заемшы мен Банк өзге келісімге келген жағдайларды қоспағанда Заемшы осы Жобаны Бөлімнің (а) тармағының ережелері бойынша шек қоюсыз жүзеге асырады және Жобаның А, В және С тарауларын ИЖБ және ЖЖТ арқылы Жобаның D бөлімін - осы Келісімнің 5-қосымшасында жазылған орындау Бағдарламасына сәйкес ЖТ арқылы орындайды.
Жоба үшін қажетті және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды сатып алу, жұмыстар мен консультанттардың қызмет көрсетулерін қамтамасыз ету Банк өзге шешім қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осы Келісімге 4-қосымшаның ережелерімен реттеледі.
Заемшы Жалпы шарттардың 9.08-бөлімінің мақсаты үшін және ол бойынша шек қоюсыз: (а) Банк үшін қабылданымды ережелердің негізінде, Банкке жабу датасынан кейін Жобаның міндеттерін тұрақты орындауды қамтамасыз етуге арналған жоспарды әзірлейді немесе Банкке алты (6) айдан кешіктірмей Заемшы мен Банктің арасында осы мақсат үшін келісілуі мүмкін анағұрлым кешірек мерзімде ұсынады; және (b) Банкке жоғарыда аталған жоспар бойынша Заемшымен пікірлер алмасу мүмкіншілігін береді.
Заемшы тиісті түрде қаржыландыруды қамтамасыз етуді қоса алғанда өзінің мемлекеттік, мемлекетаралық және аймақтық (облыстық) жол желілерін қанағаттанарлық ұстауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және өзінің мемлекеттік және мемлекетаралық жолдарының желілерін ұстауға және қайта жаңартуға АҚШ долларымен есептегенде 1999-шы күнтізбелік жылда 100 000 000-нан кем емес, 2000-шы күнтізбелік жылда 125 000 000-нан кем емес және 2001-шы күнтізбелік жылда 150 000 000-нан кем емес қаражат жұмсайды.
Заемшы: (a) 2000 жылдың 31 наурызында Банк үшін қабылданымды өкілеттіктерінің шеңберін, жолдарды пайдаланушылармен алымдардың жүйесін қарауы және Банкпен осы талдаудың нәтижелерін талқылауы; және (b) 2000 жылдың 30 қыркүйегіне қарай барлық осы секілді алымдардың сомасы жолдарды пайдалануға кететін шағындардың кем дегенде 75%-ін құрауы және ол автомобильдер мен автобус иелерінің есебіне жатқызылуы, ал 2002 жылдың 30 қыркүйегіне қарай - мұндай шығындар 100% болуы үшін жүк автомобильдері мен автобустардың иелерінен алымдарды бірте-бірте өсіруі тиіс.
Заемшы кейбір қаржылық көрсеткіштерді қолдауға міндеттейін шарттың талаптары
(а) Заемшы есеп құжаттары мен шоттарын қоса алғанда қаржы қызметін басқару жүйесін жүргізеді немесе жүргізуді қамтамасыз етеді, Банк үшін қабылданымды, жобаға байланысты операцияларды, қаражат пен шығыстарды көрсету бойынша талаптарға жауап беретін нысанда қаржы есептерін дайындайды. (b) Заемшы: (i) есеп құжаттарын, шоттарды жүргізеді және осы Бөлімнің (а) тармағында айтылатын қаржы есептерін және Банк үшін қабылданымды аудитті жүргізудің тиісті стандарттарына сәйкес, Банк үшін қабылданымды тәуелсіз аудиторлар ұдайы қолданатын аудит жүргізілген әрбір қаржы жылы бойынша есеп құжаттары мен арнайы шоттар бойынша шоттарды дайындайды; (ii) Банкке мүмкіндігіне қарай ерте, бірақ қалай болған күнде де әрбір осындай жыл аяқталған соң алты айдан кешіктірмей: (A) талдау жүргізілген әрбір осындай жыл бойынша осы Бөлімнің (а) тармағында айтылатын қаржы есептерінің куәландырылған көшірмелерін, және (B) Осындай есептер, есеп құжаттары мен шоттары бойынша қорытындыны және жоғарыда аталған аудиторлар, Банк негізді сұрау салатын көлемдер және егжей-текжейде аудит жүргізілген осы секілді есепті ұсынады және (iii) Банкке Банк мерзім сайын негізді сұрайтын осындай есеп құжаттары мен шоттарына, олардың аудитіне және жоғарыда аталған аудиторларға қатысты кез келген басқа ақпаратты ұсынады. (с) Шығыстар туралы есептердің негізінде несие шотынан қаражатты алу жүргізілген барлық шығыстар бойынша Заемшы: (i) осы Бөлімнің (а) тармағына сәйкес осындай шығыстарды көрсететін есеп құжаттары мен арнаулы шоттарды жүргізеді немесе жүргізілуін қамтамасыз етеді; (ii) Банк есеп шотынан қаражатты соңғы алу жүргізілген қаржы жылы үшін аудиторлық есепті алған соң осындай шығыстарды растайтын барлық есеп құжаттарын (келісімшарттар, тапсырмалар, шот-фактуралар, жүктеме қағаздар, түбіршектер және өзге де құжаттар), кемінде бір жыл бойы сақтайды; Банк өкілдеріне есеп құжаттарын зерделеуі үшін жағдай жасайды; және (iv) осы есеп құжаттары мен шоттарын осы Бөлімнің (b) тармағында айтылатын жылдық аудитке енгізуді және мұндай аудит туралы қаржылық жылдың ішінде ұсынылған шығыстар туралы есептердің негізінде шоттардың қаражатты алуды қамтамасыз етуге болатын-болмайтындығы туралы жоғарыда аталған аудиторлар енгізген қорытындының, оларды дайындаудағы рәсімдер мен ішкі бақылаудың болуын қамтамасыз етеді.
Келісімнің күшіне ену датасы; келісімінің қолданылуының тоқтатылуы
Мынадай жағдайлар: (a) осы Келісімнің 4.01 (a) бөлімінде айтылатын ЖЖТ-да құрылған қаржы қызметін басқару жүйесі; (b) Осы Келісімнің 4.01 (b)(i) бөлімінде айтылатын осы Келісімнің 4.01 (b)(i) бөліміне сәйкес Жобаны жүзеге асыру уақытында бірінші қаржы жылы үшін аудит жүргізуге тағайындалған аудиторлар; және (c) осы Келісімнің 5-қосымшасының 2-тармағына сәйкес құрылған ЖЖТ Жалпы шарттардың 12.01 (c) Бөлімінің мәнінде Заем туралы Келісім күшіне енуі үшін қосымша шарттар ретінде айқындалады.
Жалпы шарттардың 12.04-бөлімінің мақсаты үшін осымен осы Келісімнің датасынан кейін тоқсан (90) күннен кейін басталатын дата белгіленеді.
Заемшының өкілдері; Мекен-жайлары
6.01-бөлім
Заемшының сонымен бір мезгілде қаржы үшін жауапты Министрі Жалпы шарттардың 11.03-бөлімінің мақсаты үшін Заемшының өкілі ретінде тағайындалады.
Жалпы шарттардың 11.01-бөлімінің мақсаты үшін мынадай мекен-жайлар көрсетіледі: Заемшының мекен-жайы: Ministry of Finance Қаржы министрлігі 60 Republic Avenue Республика даңғылы, 60 473000, Astana 473000, Астана Republic of Kazakhstan Қазақстан Республикасы Cable adress: Телеграфтың мекен-жайы: Telex: 264126 (FILIN) Телекс: 264126 (FILIN) Банктің мекен-жайы: International Bank for Халықаралық Қайта құру Reconstruction және Даму Банкі and Development 1818 Н көшесі, Солтүстік 1818 H Street, N.W. Батыс Вашингтон Washington, D.C. 20433 Колумбия Округі 20433 United States of America Америка Құрама Штаттары Cable adress: Телеграфтың мекен-жайы: INTBAFRAD INTBAFRAD Washington, D.C. Washington, D.C. Telex: 248403 (MCI) or Телекс: 248423 (MCI) немесе 64145 (MCI) 64145 (MCI) Осыны куәландыру үшін осы Келісімнің тараптары өздерінің тиісті түрдегі уәкілеттік берілген өкілдері арқылы жоғарыда аталған күн мен жылда Америка Құрама Штаттарының Колумбия округінде өздерінің аттарынан осы Келісімге қол қоюды қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасы Б.Нұрғалиев Ресми Өкіл
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі Ф.Кинг Еуропа және Орталық Азия Аймағы бойынша қызмет істеп отырған вице-президент
Заем қаражатын алу
1. Төменде келтірілген кестеде заем қаражатынан қаржыландырылатын баптардың санаттары, әрбір санат бойынша заем сомаларының бөлінуі және қаржыландырылуға жататын әрбір санаттың баптары бойынша шығыстардың проценттегі көрінісі берілген.
__________________________________________________________________________ | Санаты |Аударылатын заем сомасы| Қаржыландырылатын | | (АҚШ долларында) | шығыстар %-пен |__________________________|_______________________|_______________________ |(1) Инженерлік-құрылыс | | 70% |жұмысы | | |(a) Жобаның | | | A 1-тарауына сәйкес | 61, 800, 000| |(b) Жобаның | | | A)2-тарауына сәйкес | 13, 200, 000| |__________________________|_______________________|_______________________ |2) Консультанттардың | 5, 400, 000| 100% |қызмет көрсетуі, оқуды | | |және оқу мақсатымен жол | | |жүруді қоса алғанда | | |__________________________|_______________________|_______________________ |3) Тауарлар | |100% шетелдік шығыстар, | (a) Жобаның В | 5, 200, 000|100% жергілікті | тарауына сәйкес | |шығыстар (өндірістік | (a) Жобаның C,E, және Ғ| 1, 400, 000|жүктеме шығыстар) және | тарауларына сәйкес | |80% сатып алуы осы | | |жердің шегінде жүзеге | | |асырылатын басқа | | |позициялар бойынша | | |жергілікті шығыстар |__________________________|_______________________|_______________________ |(4) Қосымшалар ЖЖТ-ның | 1, 100, 000| 100% |пайдалану шығындарды | | |__________________________|_______________________|_______________________ |(5) Қайта қаржыландыру | 1, 100, 000|Осы Келісімнің 2.02 (c) |Жобаны дайындауға арналған| |бөліміне сәйкес |несие | |есептелетін сома |__________________________|_______________________|_______________________ |(6) Комиссиялық алым | 1, 000, 000|Осы Келісімнің | | |2.04-бөліміне сәйкес | | |есептелетін сома |__________________________|_______________________|_______________________ |(7) Бөлінбегені | 9, 800, 000| |__________________________|_______________________|_______________________ |Жиыны | 100, 000, 000| |__________________________|_______________________|_______________________
2. Осы Қосымшаның мақсаты үшін: (a) «шетелдік шығыстар» деген термин Заемшының елінің валютасынан ерекшелігі бар, кез келген елдің валютасындағы Заемшының елін қоспағанда, кез келген елдің аумағынан берілетін немесе көрсетілетін тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған шығыстарды білдіреді; (b) «жергілікті шығыстар» деген термин Заемшының валютасындағы не Заемшының аумағынан берілетін, не көрсетілетін тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған шығыстарды білдіреді; және (c) «қосымша пайдалану шығындары» деген термин, Заемшының лауазымды тұлғаларының еңбекақысын қоспағанда, қызметтік үй-жайларды жалға алу, жабдықтар мен материалдардың, коммуналдық қызмет көрсетулердің, оларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету байланыстың құнын, іссапарларға, Жобаның есептерінің аудитіне және ЖЖТ консультанттарының жұмысына арналған шығыстарды қоса алғанда, Жобаны жүзеге асыруға байланысты ЖЖТ шеккен қосымша пайдалану шығындарын, басқаруға, ағымдағы бақылау мен қадағалауға байланысты шығыстарды. 3. 1-тармақта жоғарыда келтірілген ережелерге қарамастан: (a) осы Келісімнің күшіне енуі датасына дейін; (b) егер Заемшы және осы Келісімнің 5-қосымшасының 6-тармағына сәйкес Жобаның А.2 тарауына орай қайта жаңарту жұмыстарына қатысты Банк үшін қабылданымдар Заемшы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты экономикалық, техникалық жұмыс деректері мен ақпаратты әзірлемесе (1) (b) санаттар бойынша; және (c) егер Заемшы Банк үшін қабылданымды техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша осы Келісімнің 5-қосымшасының 4-тармағына сәйкес Алматы - Қарағанды трассасында күнделікті және қысқы кезеңдегі жұмыстарды бағдарламалау, келісімшарттарды жасау және орындау және Банкпен келісім бойынша жабдықты жалға алу жүйесін, рәсімдер мен техникалық санаттарын белгілемесе, (3) (a) санаттар бойынша қаражатты алу жүргізілмейді. 4. Банк: (a) келісімшарттар бойынша АҚШ долларына есептегенде құны кемінде 200000 құрайтын тауарларға; (b) келісімшарттар бойынша құны АҚШ долларына есептегенде кемінде 100000 құрайтын - әңгіме құны АҚШ долларына есептегенде кемінде 50 мыңды құрайтын фирмалар мен келісімшарттар туралы болған жағдайда, әңгіме жеке тұлғалар туралы болған жағдайда қызмет көрсетулерге; және (c) Банк Заемшыны құлақтандырылатын шарттар мен ережелерге сәйкес - ЖЖТ қосымша пайдалану шығындарына арналған шығыстар туралы есептердің негізінде жүргізілген несие шотынан қаражатты алуды талап ете алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |