|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жүктерін Клайпеда мемлекеттік теңіз порты арқылы тасымалдауларды орындау үшін көлік және басқа да қызметтер көрсету туралы
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 1317 Қаулысымен бекітілді 2000 ж. 8 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрi қарай «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі, жан-жақты ынтымақтастыққа ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасының жүктерiн Клайпеда мемлекеттік теңiз порты (бұдан әрi қарай - Клайпеда порты) арқылы транзиттi тасымалдауларды орындаудың өзара тиiмдiлiгiн назарға ала отырып, Литва Республикасының аумағы арқылы мемлекетаралық транзиттi тасымалдаулардың сапалы және келісілген көлемiн орындау мақсатында, тасымалдардың қауiпсiз қозғалысы мен тиiмдiлiгiне кепiлдiк бере алатын технологиялық тасымал процесi мен коммерциялық қызмет көрсетулердiң өзара әрекеттестiгi қажет деп есептей отырып, мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1. «Клайпеда порты арқылы жүктердi тасымалдау» терминi Клайпеда портына (портынан) жүк тасымалдауларды, оны қайтара тиеуді сақтауды және осы процедураларды орындауға ресми рұқсат етiлген Клайпеда порты аумағында орналасқан кәсiпорындар мен терминалдардағы жүк тасымалына байланысты басқа да процедураларды бiлдiредi. 2. «Қазақстан Республикасының транзиттi жүгi» терминi Клайпеда порты арқылы транзиттi тасымалдауға арналған және оның жiберушiсi немесе алушысы Қазақстанның шаруа жүргiзушi субъектiсi болып табылатын жүктi бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі: а) өз шаруа жүргiзушi субъектiлерiнiң Клайпеда портын пайдалануын жан-жақты қолдауға; б) өз заңдары мен басқа да нормативтi актілері шеңберiнде Клайпеда порты арқылы тасымалданатын экспорттық-импорттық жүктер үшiн шекаралық, кедендiк және өзге де формальдылықтарды оңайлатуға және жеңiлдетуге мiндеттенедi. Литва Республикасының Үкіметі: а) Қазақстан Республикасының жүктерiн Литва Республикасының аумағы және Клайпеда порты арқылы транзиттi тасымалдауға жан-жақты жәрдем жасауға; б) өз заңдары мен басқа да нормативтi актілері шеңберiнде Клайпеда портында кемелердiң тұрып қалуын азайту үшiн, портта шекаралық, кедендiк және өзге де формальдылықтарды оңайлату және жеңiлдету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауға; в) Қазақстан Республикасының транзиттi жүгiн әкелуге, әкетуге және сақтауға, сондай-ақ жүктi түсiру-тиеу үшiн қажеттi коммерциялық операцияларға байланысты көрсетiлетiн порттық қызметтердi пайдалану үшiн өз кемелеріне көрсетiлетiндей жағдайларға кепілдiк беруге мiндеттенедi.
Қауiптi жүктер мен қоршаған ортаны ластайтын жүктер Литва Республикасының құзырлы ведомстволарының рұқсаттары болған жағдайда ғана, сондай-ақ Литва Республикасының заңдары мен нормативтi актілерін басшылыққа ала отырып тасымалданады.
Уағдаласушы Тараптар тиеп-түсiрумен, сақтаумен және жүктердi жiберiп тұрумен және кемелердi агенттеумен айналысатын бiрлескен кәсiпорындар құруды көтермелейтiн болады.
Уағдаласушы Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттар мен келісімдерден туындайтын құқықтары мен мiндеттерiне, сондай-ақ үшiншi мемлекеттердiң Литва Республикасының аумағы мен Клайпеда порты арқылы транзиттi жүктердi тасымалдау құқықтары мен мiндеттерiне осы Келісімнiң қатысы жоқ.
Уағдаласушы Тараптар құрамына құзырлы органдардың өкiлдерi кiретiн Аралас комиссия құрады. Аралас комиссия жазбаша өтінiш түскеннен кейiн 3 (үш) айдан кешiктiрмей Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша жиналады. Аралас комиссияның әрбiр мәжілісiнiң күн тәртібі Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары арасындағы келісім бойынша белгiленедi. Аралас комиссияның құзырлығында: а) сауда кеме қатынасы мен Литва Республикасының Клайпеда портын Қазақстан Республикасының транзиттi жүгiн тасымалдау үшiн пайдалану тиiмдiлiгiн, сондай-ақ оның көлемiн ұлғайту перспективасын талқылау; б) осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындайтын кез келген дауды шешу; в) осы Келісімге енетін өзгертулерге немесе толықтыруларға қатысты келіссөздер жүргізу болып табылады. Осы Келісімге енетін өзгертулер немесе толықтырулар хаттамаларымен ресімделеді. Егер Аралас комиссия шешімдер қабылдамаса, дау Уағдаласушы Тараптардың келіссөздері жолымен шешілетін болады.
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті ішкімемлекеттік процедуралардың орындалғандығы туралы Уағдаласушы Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабарлаған соң 30 күннен кейін күшіне енеді. 2. Осы Келісім үш жылға жасалады. Егер үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін үш ай бұрын Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы да оның қолданысын тоқтатқысы келетіндігі туралы өз тілегін екінші Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде мәлімдемесе, оның қолданысы келесі үш жылдық мерзімдерге өздігінен ұзартылатын болады.
Алматы қаласында, 1997 жылғы 7 наурызда екі данада, әрқайсысы қазақ, литван және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің заңды күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары пайда болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |