Сот сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекіту жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы (2014.14.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 283 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Сот сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекіту жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 162 бұйрығына қосымша
Сот сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекіту жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Сот сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекіту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) азаматтық, қылмыстық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша сот сараптамасын жүргізу кезінде арнайы ғылыми білімдерді қолдануды біркелкілеу мақсатында құрылды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) әдістемелік ұсынымдар мен сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін қарастыру және талқылау; 2) әзірленіп жатқан әдістемелік ұсынымдар мен сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелері бойынша ұсынымдар беру; 3) әдістемелік ұсынымдар мен сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін бекіту болып табылады. 5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды атқарады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|