«Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 8128 тіркелді, 2013 жылғы 26 қаңтарда № 30-31 (27304-27305) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарауындағы адамдарды қызметте қолдану қағидасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымдарының санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|