Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын жүзеге асыру арқылы инвестициялар тартуға, мамандарды оқытуға және даярлауға, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатындағы ынтымақтастық туралы өзара түсінicтік туралы меморандум
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1228 Қаулысымен мақұлданды
Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - Республика) өкілдік ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - Үкімет) атынан ___________________________ және Теңіз және Королев кен орындарынан алынатын көмірсутегі мен күкіртті геологиялық барлаумен, игерумен, өндірумен және сатумен айналысатын «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Теңізшевройл) атынан Бас директор Т.Г. Миллер (Республика және Теңізшевройл бірге Қатысушылар, ал бөлек - Қатысушы деп аталады) Теңізшевройл және Республика игілігіне Теңізшевройл жоспарлаған Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын іске асыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы ниеттерін құжатпен белгілеу үшін осы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Осы Өзара түсіністік туралы меморандумға 2013 жылғы _________ қол қойылды. Теңізшевройл «Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы» (бұдан әрі - Жоба) деп аталатын ірі күрделі жобаларды жүзеге асыруға ниетті, олар оның өндіріс нысандарының қуаты мен Теңіз және Королев кен орындарынан өндіруді айтарлықтай ұлғайтады. Әріптестерінің бірауыздан мақұлдауын міндетті түрде алған және Республика тарапынан қажетті рұқсаттар мен лицензияларды алуды қамтамасыз еткен жағдайда, Теңізшевройл Жоба бойынша ерте басталатын құрылыс жұмыстарын 2013 жылы бастауды жоспарлап отыр. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|