Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.30.07. № 338 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.13.02. № 60 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беру ұйымдары (бұдан әрі - мектептер) қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) бастауыш мектеп - бастауыш білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 2) негізгі орта мектеп - бастауыш және негізгі орта білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 3)жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 4) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.12.03. № 91 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мектептердің негізгі міндеттері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|