Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің (2021.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.30.07. № 338 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және олардың қызметінің тәртібін анықтайды. 2. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдарының түрлеріне: шағын жинақты мектеп (бұдан әрі - ШЖМ) және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы, ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы және аурухана жанындағы мектеп жатады. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 3. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) тірек мектеп (ресурс орталығы) - шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|