«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына өзгерістер мен толықтыруенгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметініңжанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы» ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген каулымен бекітілген ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ережеде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Кеңестің қызметі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды бірлесе әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың практикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өзге де кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.»; 7-тармақтың 4) тармақшасындағы «беруге құқылы.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) өз құзыретінің шегінде Кеңестің жанынан кіші жұмыс топтарын құруға құқылы»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.»; көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 1249 қаулысына қосымша
ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|