1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 1245 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері төмендегілер туралы келісті: 1. 1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-бапта: бірінші абзацтағы «ТМД-ның үкіметаралық органы» деген сөздер «ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Электр энергетикалық кеңестің құрамына осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тиісті мемлекеттік билік органдары мен ұлттық электр энергетикалық компанияларының басшылары кіреді, мемлекеттер оларға тиісті уәкілеттіктер береді.»; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Электр энергетикалық кеңес өз қызметін осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес осы Келісімнің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Электр энергетикалық кеңесі туралы ереженің негізінде жүзеге асырады.»; 2-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Электр энергетикалық кеңестің негізгі функциялары». 2.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2.2. Осы Келісімге қатысушы мемлекеттерге ортақ электр энергетикалық нарық құруға жәрдемдесу.»; 2.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2.7. Электр энергиясын мемлекетаралық жеткізу саласында тарифтік саясат жүргізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау.»; 2.13-тармақта «дәстүрлі емес» деген сөздер «жаңартылатын» деген сөзбен ауыстырылсын; 2.16-тармақта «еуропалық және әлемдік энергетикалық қоғамдастықтар шеңберінде» деген сөздер «энергетикалық қоғамдастықтар шеңберінде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2.17 және 2.18-тармақтармен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|