Алматы қаласы әкімдігінің жанынан терроризмге қарсы комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 4 бабының 5 тармағының 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 589 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 21 және 26 тармақшаларына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімдігінің жанынан терроризмге қарсы комиссия құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия туралы Ереже бекітілсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
2013 жылғы 7 тамыздағы № 3/697 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия (бұдан әрі - терроризмге қарсы комиссия) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмнің алдын алу және (немесе) терроризмнің зардаптарын жою бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Терроризмге қарсы комиссия Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін Алматы қаласының шегінде іске асырады. 3. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|