Осы редакция 2013 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 4/1050 қаулысымен бекітілді
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдерi бойынша мұқтаж азаматтардың
1. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - аудандық бөлімдер) арқылы тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ұсынылады. 2. Осы Регламентте келесі негізгі ұғымдар қолданылады: 1) тұтынушы - жеке адамдар: Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар; 2) жергілікті өкілетті орган (мәслихат) — облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғындары сайлайтын тұрғындарының бостандығын білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның жүзеге асырылуына қажетті шараларды анықтайтын және олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын сайланбалы орган; 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) аудандық бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы осы Регламенттің 11 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес күнтізбелік күн ішінде; 2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты (талон алғанға дейін) - 20 минуттан аспайды; 3) тұтынушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты - 15 минуттан аспайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|