Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/230 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2013 жылғы 9 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
1. Осы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі негізгі ұғымдар қолданылады: 1) мемлекеттік қызмет көрсету - мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызмет; 2) жұмыссыздар - кіріс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар; 3) бос орын - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет); 4) тұтынушылар - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетелдіктер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар; 5) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері.
2. Осы Регламент Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес жасалған. 3. Мемлекеттік қызмет тұтынушыға Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі - аудандық бөлімдер) арқылы тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ұсынылады. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|