Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде белгілері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністерінің қызметін одан әрі жетілдіру, заңдылықты және қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау үшін полиция қызметкерлерінің жеке жауапкершіліктерін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде белгілері туралы ереже бекітілсін. 2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ІІД бастықтары: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеуде белгілерін дайындауды және сатып алуды ұйымдастырсын; 2) ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністерін кеуде белгілерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын; 3) кеуде белгілерін дайындау кезінде сапаны бақылауды қамтамасыз етсін және есепке алынбаған даналар өндірісінің мүмкіндігін болдырмасын; 4) кеуде белгілерін беруді және есепке алуды ұйымдастырсын, кеуде белгілерін бекітуді және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін; 5) кеуде белгілері жоғалған жағдайда қызметтік тергеу жүргізуді ұйымдастырсын. 3. «Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы қызметкерлері үшін кеуде айрықша белгілерді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 3 мамырдағы № 253 бұйрығының күші жойылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің кеуде белгілері туралы ереже
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|