Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу үшін: 1) 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап - Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары; 2) 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап - Ақмола облысы пилоттық өңірлер ретінде белгіленсін. 2. Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын өткізу үшін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес пилоттық орта білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың 1-тармағында белгіленген өңірлердің білім басқармаларының басшылары: 1) сынақтың ұйымдастырылуы және өткізілуі үшін жауапты тұлғаларды белгілесін; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сынақты өткізсін; 3) есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-на дейінгі мерзімде жарты жылдық және жылдық қорытындылар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне сынақтың өту барысы туралы ақпарат ұсынсын. 4. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары білім басқармалары басшыларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 5. «Орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 125 бұйрығының күші жойылсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін. 7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынасқа қолданылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|